Өркениет

Далада жатқан бала жоқ!» Зарина Омарова інісіне қатысты жанжалға жауап берді

  • Далада жатқан бала жоқ!» Зарина Омарова інісіне қатысты жанжалға жауап берді

    Далада жатқан бала жоқ!» Зарина Омарова інісіне қатысты жанжалға жауап берді

Күні кеше отандық бағдарламалардың бірінде түркістандық ару Марат Омаровтың ұлынан жүкті болып, бөбекті дүниеге әкелгенін айтқан. Бірақ, композитордың ізбасары Азамат Омаров баласынан бас тартқан көрінеді, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.
Ғаламторда қызу талқыға түскен тақырып Зарина Омарованың да құлағына жетіпті. Әнші бикеш әлеуметтік парақшасы арқылы інісіне қатысты жазба жариялады.

«Астарлы ақиқат» бағдарламасында болған кешегі тақырып – әлбетте енді елдің назарында. Маған келіп жатқан толассыз хаттар мен комментарийлерге жауап беруім керек. Оның үстіне, менің отбасым, яғни Омаровтар әулеті жауаптан қашып отырған жоқ.
Біріншіден, мен әлдеқашан тұрмыс құрып, балалы болып, өз отауымды тіккен Омаровамын. Тұрмыстағы қыз төркіннің тірлігіне араласпауға құқылы. Дейтұрғанмен, інім – біреу ғана. Сол себепті, інімнің басын салбыратып қойып, жалғыз қалдырмаймын. Біз кеше Азамат екеуміз ашық сөйлесіп, ол маған өз шындығын айтты. Мен інімді жақсы білемін және оған сенемін. Кәмшатты өмірінде 3- ақ рет көрген және оған ешқандай уәде бермегенін айтып ағынан жарылды. Аяғы ауыр болғанынан мүлдем хабары болмаған және сол уақыт аралығында Азаматпен хабарласпағанда, босағаннан кейін бірақ суреттер жібере бастаған Кәмшат.

Сондан кейін біз Камшатқа телефонмен хабарласып дыбыс ұлғайтқышқа қосып Азамат одан:
– Неге, өтірік айтып жатырсың, мен саған ешқандай уәде бермегенмін сүйемін-күйемін деп сені алдамадым да, үйлену туралы әңгіме арамызда мүлдем болған емес.
Камшаттың жауабы:
– Маған қарсы айтылған пікірлерден қорқып, өтірік айтуыма тура келді деп жауап берді.
Мен бұл айтылған сөздің бәрін естіп тұрдым, эфирде отырған адамдармен, телефонның ар жағынанан сөйлеген адамдар мүлдем басқа болып шықты. Айқайлап дауыс көтеріп, адам сияқты дұрыстап сөйлесуге мүмкіндік болмады. Мен інімді жақтап жатқан жоқпын, дәлелденсе бәрін мойнына алады.
Екіншіден, бағдарламаға келген Кәмшат пен оның анасына айтарым: егер, Көзайым менің сіңілім болып шықса, біз оны қуана-қуана отбасымызға қабылдаймыз. Бір әкеден бүгінде бесеуміз. Азаматтың қос құлыншағы бар. Сондықтан, далада жатқан бала жоқ. Көзайымға біздің әулеттен орын табылады. Бастысы – қыз біздікі екені дәлелденсе болғаны.

Үшіншіден, қыз өсіріп отырған аналарға айтарым, алдымен қыздарыңызға дұрыс тәрбие беріңіздер. Бәрімізде қыз бар, қызғалдақ бар, орнын тапса, анаға одан артық бақыт бар ма? Танымайтын жігітпен төсек қатынасына баруға болмайтынын анасы айта білу керек. Қазақтың менталитетіне сай емес дерсіздер. Бірақ дәл осындай оқиғалар орын алмау үшін, ана мен қыздың арасында дұрыс диалогтар өрбуі керек деп ойлаймын. Тіпті сүйіктісі, танымал адамның ұлы болса да! Осы оқиға бәріңізге, бәрімізге сабақ болсын!
Ал, бізді қаралап отырған халыққа: «менің әкем де, анам да, інімнің өзі де – бұл мәселеден бейхабар, оған күмән болмасын» дегім келеді. Кәмшат пен оның анасы мән-жайды бізге айтуы керек еді. Олар айтпаса, «Астарлы ақиқаттың» журналистері неге бірауыз естіртпеді? Журналистер біледі, мен де, әкем де, ешқашан сұхбаттан, ашық әңгімеден қашпаймыз. Ал, біздің сыртымыздан осындай бағдарламаны эфирге шығарған «Астарлы ақиқат» ұжымына, КТК арнасына айтарым: сіздер бар болғаны кәсіби деңгейлеріңіздің төмендігін көрсеттіңіздер. Шақырсаңыздар, отбасымыздан бір адам болса да барып, жауап берер еді. ДНК күтеміз!» – деді Зарина Омарова инстаграм парақшасында. 




Көрілген: 1592    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 17:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30