Өркениет

"Далаға шығып жылынып аламыз": Қуандық Рахым ең алғаш көлік алғандағы қызықтарын айтып елді күлдірді

  • "Далаға шығып жылынып аламыз": Қуандық Рахым ең алғаш көлік алғандағы қызықтарын айтып елді күлдірді

Қуандық Рахым алғаш көлік алған кезін еске алып, елді күлкіге қарық қылды. Әнші әкесі жаңа шетелдік көлік алған сәтті айтып, өзі де бір күліп алды.

Қуандық Рахым бала күнінде әкесінің жаңадан көлік алғанын айтты. Олар “Москвич” көлігінен кейін бірінші рет шетелдік көлік мінгенде бірталай қызықтарды бастан өткерген. 

 
“Әкем бұрын “Москвич” көлігін айдаған. Одан кейін басқа көлік жүргізіп көрмеді. Кейін шетелдік көлік алдық. Сонымен отбасымыз болып астанаға кеттік. Күндіз күн ыстық болғанда кондиционері қосылып тұрған. Кешке қайтарда жаурай бастадық. Кондиционерді өшіре алмадық. Қалай өшірерімізді білмейміз. Бір жерін басуға қорқамыз. Солай бәріміз тоңып кеттік. Арасында далаға шығып, жылынып аламыз. Ұзақ жол жүріп келдік. Бір жерге келгенде жанармай бекетінде тұрған жігіттерден сұрап алдық. Содан кейін үйреніп кеттік”, – деп күлді әнші. 

Әншінің өзі де қызықты жайттарды еске түсіріп, бір күліп алды. Ал желідегі қолданушылар күлкіге қарық болды. 

“Ішім түйілгенше күлдім”, “Әй, қазағым-ай, күлмеске амал жоқ”, “Соның бәрін жасырмай айтып отырған не деген қарапайым әншісіз”, “Ондай бәрінде болады, алғашында бәріміз де білген жоқпыз ғой, ешкім оқып туған жоқ”, “Далаға шығып жылынып аламыз дей ме?“, “Бізде де болған осындай жағдай, қазір күлеміз”, “Әкеңізге де, өзіңізге де амандық тілеймін”,  деді олар. 




Көрілген: 1225    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 15:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31