Өркениет

Дана Есеева: Мейіржан екеуміз үйленгенде екеумізде де бір тиын ақшамыз болған жоқ

  • Дана Есеева: Мейіржан екеуміз үйленгенде екеумізде де бір тиын ақшамыз болған жоқ

    Дана Есеева: Мейіржан екеуміз үйленгенде екеумізде де бір тиын ақшамыз болған жоқ

Актриса, блогер Дана Есеева жолдасы Мейіржан Төребаевпен жетістікке жету жолын айтты. Отбасындағы татулық пен ер мен әйелдің рөлін көрсетті. Бір тиынсыз қосылған жұптың бүгінде жеке бизнесі, өз аудиториясы бар.

Бұл туралы Дана Есеева Динара Сәтжанмен болған сұхбатында айтты. 

 
Дана Есеева бала күнінен көпшілік назарында жүргенін айтады. 8-сыныпта интернатқа көшіп, ата-анасыз өмір сүрген. Үлкен өмірге ерте келген. Алматыға оқуға түскеннен-ақ қосымша жүмыс істеп табыс тапқан екен. 

"Алматыға келген соң түнгі уақытта казинода жұмыс істедім. Деканатта жарты ставкада жұмыс істедім. Университетте хареограф болып жұмыс істедім. Солай жастайымнан жұмысқа араласы кеттім. Саудамен айналыстым. Қырғызстаннан товар әкеліп сататынмын. Мейірбек екеуміз махаббатпен қосылдық. Екеумізде де артық ақшамыз болған жоқ. Қалада пәтерден пәтерге көштік. Перзентханадан шыққанда жалдамалы пәтерге келетінбіз. Қаланың әр ауданы қандай екенін білемін. Себебі пәтерде көп тұрдық", - деді Дана. 

Айтуынша, ол дүкен ашып, кәсіпкерлікті қолға алғанда Мейірбек вайн түсіруге ұсыныс айта бастаған. Ол бұған келісім беру үшін екі жыл ойланғанын айтады.

"Ол кезде Инстаграмның жаңа шығып жатқан кезі. Мейірбек маған қысқа әзілдер түсірейік деді. Мен ұялдым. Ойнауға ұялдым. Мені ешкім танымайтын еді. Солай бас тарттым. Кейін басқалар шыға бастады. Мейіржан маған тағы ұсыныс айтты. Мен бас тарта берген соң ол басқа актриса іздеп, бірге ролик түсіретінін айтты. Содан кейін менде қызғаныш пайда болды.

Екі жылдан кейін мен онымен әзіл түсіруге кірістім. Солай әзілдеріміз басталды. Бізді аудитория жақсы қабылдады. Мен жайлы сұрастыра бастады. Мейіржанды бойдақ деп ойлайтын еді көбі. Менің парақшамның өзіне көп оқырман жазыла бастады. Солай вайнға келдік. Бірақ Мейіржанның әзілдерінде арзан күлкі емес, мақсат тұрады. Оны түсінген адам түсінеді. Түсінбегендері тек күледі. Ол өте интеллектуалды жан. Әзіл айта білу де ақылдылықтың белгісі деп есептеймін", - деді Дана Есеева.

Бір кездері 20 мың долларын алаяққа берген ақша жинап, 2019 жылы ғана өз баспаналарына қол жеткізген. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген екен.

"Мен де, Мейіржанда бірге жұмыс істеп жатқандықтан бір-біріміздің ақшамызды есептемейміз. Сенің ақшаң қайда деп сұрамаймын. Мен мынаны алып жатырмын деп міндет қылмаймын. Бұрын сондай едім. Мен жас болдым. Өзімнің онымен тең жұмыс істеп жатқанымды айтып, бірдей қоятынмын. Көп әйел секілді мен де ер адамды сыйламадым, мен де қателестім. Өзімнің мықты екенімді көрсеткім келді. Мейіржан оны көтере алды. Кейіннен бұлай болмайтынын түсініп, ара қатынасымды өзгерте бастадым. Ер адамға әйел болу керек. Одан бірнәрсені өтіну керек. Оның саған керек екенін ұғындыру керек. Бәрін өзің жасай алатын болсаң, ер адам сенің жаныңда өзін керексіз сезінеді. Өзін ыңғайсыз сезінеді. Ана болу мен әйел болу басқа. Сондықтан даналық жылдар өткен сайын толыға бастады. Қазір бұрынғы Дана емеспін. Қазір ер азаматты бірінші орынға қоямын. Сонда ғана отбасында татулық болады", - деді актриса.

Ерлі-зайыпты танымал болмай тұрып тойларда суретке түсіріп, табыс тапқанын айтады. Кейін келе үлкен жұмысты қолға алып, бірлесіп баспаналы болды. 




Көрілген: 856    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.06.2021, 14:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31