Өркениет

Дана Нұржігіт жас қыздың тағдырымен ойнаған әріптестерін сынға алды

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық бағдарламаға келіп, пәктігін екі млн теңгеге саудалаған 19 жастағы ару мен оны бағдарламаға шақырған әріптестерін танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Тележүргізушінің айтуынша, бойжеткеннің де, бағдарлама жүргізушілерінің де таңдау еркі болған.


"Нұрболхан Шараповтың парақшасынан Айнұр Жәнібекованың әңгімесін тыңдадым. "Өз ойымда" "пәктігін саудаға салған" кейіпкер. Арзан атақ іздеген қызды хабар авторлары шақырып, аузына сөз салып берсе, сонысын мойындап бағдарламаның "ішкі кухнясын" ашу керек. Өйткені, бұл бір адамның тағдыры.

Мұндай технологияларды білмейді емес, білеміз. Мәселе, соған бару немесе бармауда. Арды аттамауда. Ал мына жағдайда хабар авторлары қыздың пәктігін таптап, ертеңіне тастап кететін жігітсымақтардан қай жері артық?! Бұл қыздың тағдыры ғана емес, сүйекке таңба! Ұлтқа сын", - деп жазды Дана Нұржігіт Instagram парақшасында.


Естеріңізге сала кетейік, отандық бағдарламаға келген ару пәктігін екі млн теңгеге бағалаған болатын. Бойжеткен тапқан ақшасына оқуының ақысын төлеп, қайтадан жасанды пәктік салдырмақ болған.


Алайда бойжеткеннің бұл айтқаны дау тудырып, ол бағдарламада тек рөл ойнағанын мойындаған еді.


Кейін танымал әзілкеш аруды оқу орнынан шығарып жібергенін де мәлімдеген болатын.


 




Көрілген: 1942    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.04.2019, 11:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30