Өркениет

«Дәрігерлер қуығымды жарып жіберді»: Ардақ Балажанованың шашы қайғыдан бір айдың ішінде ағарып кеткен

  • «Дәрігерлер қуығымды жарып жіберді»: Ардақ Балажанованың шашы қайғыдан бір айдың ішінде ағарып кеткен

    «Дәрігерлер қуығымды жарып жіберді»: Ардақ Балажанованың шашы қайғыдан бір айдың ішінде ағарып кеткен

Белгілі әнші Ардақ Балажан үшінші сәбиін босанғанда бір өлімнен аман қалған. Оның қуығын дәрігерлер жарып жіберіп, ота үстелінде таңнан кешке дейін жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Дәрігерлер қуығымды кішкене жарып жіберді. Жаңа жылға бес күн қалған. Мен ота үстелінде бес сағат ашық қалдым. Өйткені уролог маманы жоқ екен. Демалысқа кеткен. Отаға таңертең сағат 10:00-да кіргеннен кешкі 05:00-те оянып жатсам, бір-бірімен орысша сөйлесіп жатыр. «Көлік келе жатыр, жақындап қалды. Сағат бес» деп жатыр. Сөйтіп кешкісін бірақ ояндым. Қандай жағдай болғанын білмеймін. Кейіннен маған бәрін түсіндірді. Кім кінәлі десем ешкім мойнына алмайды», – дейді Ардақ Балажанова «Оңай емес» бағдарламасына берген сұхбатында.

Оған дәрігерлер қуығының жұқарып кеткенін және әртүрлі себептер айтқан. Бірақ сол сәттерде әншінің стресстен маңдай шашы ағарып кеткен екен.

«Мен дәрігерлерден «мен өлмеймін бе» енді десем ондай қауіп жоқ екенін айтты. Содан кейін «ешкімнен де көрмеймін, аман-есен шығайыншы» деп ауруханадан шыққанша шыдадым. Бірақ сондай уақыттарда адам стресс алады екен. Маңдай шашым бір айдың ішінде ағарып кетті. Әрине қазір күтімнің арқасында ол кетті. Ол кезде жасым 33-34-ке аяқ басқан. Әрине өзіме келу оңай болған жоқ», – дейді Ардақ Балажанова.


 




Көрілген: 880    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 16:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31