Өркениет

Дариға Бадықова: Мал таппайтын еркектің тұқымын көбейтіп, өмірден түңілген әйел ұзаққа бармайды

  • Дариға Бадықова: Мал таппайтын еркектің тұқымын көбейтіп, өмірден түңілген әйел ұзаққа бармайды

    Дариға Бадықова: Мал таппайтын еркектің тұқымын көбейтіп, өмірден түңілген әйел ұзаққа бармайды

Мал таппайтын еркектің ұрпағын көбейтіп, азып-тозып, өмірден түңілген әйел ұзаққа бармайды! Дариға Бадықова әйелдерге үндеу тастады. Ол баланы жоспарлы түрде дүниеге әкелуге, олардың болашағын алдын ала ойлауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

9-қабаттан балаларымен бірге құлап, ажал құшқан Бақтыгүлдің оқиғасы актрисаға да қатты әсер етсе керек, ол көпшілікке ойын айтты. 
"Әйелдің 40 жаны жоқ. Бүгін ғана бір хат келді: “Времянкада тұрам, 5 балам бар, сіздің көмегіңіз ауадай қажет, күйеуім ақша таппайды” - дейді. Ақша таппайтын күйеуге 5 бала тауып бергені қалай енді деймін?! Айналайын әйелдер-ау! Бір бармақтарың бүгулі болсыншы. 

 
Мал таппайтын, ұрып-соғатын, асырамайтын еркектің тұқымын көбейтіп, қарызға батып, өмірден түңіліп, бала баға жүріп нан тауып, ешкімнен қолдау көрмей қасқайып жүріп ұзаққа бармайсың! Робот емессің ғой!?

Бәрімізді бір сілкіп алған кешегі оқиға соның көрінісі емес пе енді? Ол әйел де шарасыз, жертва, өмірден шаршаған, жан-жағынан, жақындарынан қолдау көрмеген әйел шығар.

Балалары не көріп үлгерді бұл өмірде? Олардың кінәсі не еді? Бүгін маған хат жазған 5 баласы бар әйел де ертең түңіліп, өмірден баз кешуі мүмкін ғой деген ойдың өзі жанымды жеді. Ойлаудың өзі қорқынышты!⠀
Әйелдер! Бала туғанда жоспарлайық.

Жаныңыздағы еріңізге қараңыз. Әр баланың сапалы білім, тәрбие алуын ойлаңыз. Жүйкеңіз жұқарып, нервный боп жүріп ол балаға не тәрбие бере аласыз?! ⠀

Қыздар, жандарым, өз-өздеріңе жауапты болыңдаршы. Реально ойланыңдар! Жертва болмаңдар! Токсичный қарым-қатынастан қашыңдар! Қазір қызылды-жасылды дүние көп жан-жақта. Әр нәрсеге бір қызығамызда өз өмірімізді күл талқан қыламыз. Байқасақ, өмірде жертва болатын көбіне - әйелдер.⠀

Біздегі соқыр, отсталый қоғамға айқай сап айтқың келеді: ӘЙЕЛ МІНДЕТТІ ДЕГЕН НӘРСЕ ЖОҚ! Бүкіл жауапкершілікті әйелдің ғана мойнына артып тастауға болмайды. Семья болғасын әйелдің де, еркектің де мойнында бәрі. Ұл тәрбиелеп отырған аналар, ұлдарымызды әйелі мен баласы үшін жауапкершілік алатын, тірек болатын етіп тәрбиелейікші.
Ұл баланыңда тәрбиесі маңызды рөл атқарады", - деп жазды актриса. 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.11.2021, 11:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31