Өркениет

Дастархан үстінде етікпен суретке түскен жігіт елдің ашуын туғызда (фото)

  • Фото: Facebook/Бауыржан Карипов

    Фото: Facebook/Бауыржан Карипов

Әлеуметтік желіде ақ дастарханға етігімен шығып, суретке түскен ер адамның суреті тарап, көпшіліктің сынына ұшырады. Оқырмандар хайп үшін осындай қадамға барған "азамат" заң алдында жауап беруі керек екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Көптің ашуына тиген суретті Бауыржан Карипов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жүктеп, "Адам құқығын қорғайтындар мына суретке ешнәрсе демей ме? Сіз мына суретті көргенде қандай сезімде боласыз? Құқығыңыз, құндылығыңыз тапталмай ма?" деген жазба қалдырды.

 

Бұны көрген желі оқырмандары қазақтың ақ дастарханын "аяқ асты" еткен ер адамды аяусыз сынға алды.

 

"Сұмдық", "Хайп үшін осындай бассыздыққа барғанын қалай түсінсе болады?", "Кім болғысы келетіндігінде шаруамыз жоқ. Әр адамның таңдауы. Біреуді біз тәрбиелей алмаймыз. Оған қоса, заң тұрғысында оны кемсіте де алмаймыз. Тек ақ дастарханның үстіне шығып алғанына қынжыламыз", "Ақ дастарханға шығып алғаны жөн емес. Өзгелер үшін дастарханның қасиеті жоқ шығар. Бірақ қазақ үшін қастерлі екендігі ақиқат", "Бұндайлар заң алдында жауап беру керек", деп жазды олар.

 

ФОТО:  www.facebook.com/photo.php




Көрілген: 1014    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 15:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31