Өркениет

Дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсының жеңімпазы анықталды

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

26-28 мамыр күндері аралығында Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Жүсіпбек Елебеков атындағы дәстүрлі әндер орындаушыларының конкурсы өтті.

 

Конкурстың ашылуы 26 мамыр күні, сағат 17.00-де «Сарыжайлау» кинотеатры ғимаратында басталды. Қарағанды облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз, Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей өңірлерінен келген 36 үміткер жас орындаушылар екі күн бойы халық әндері мен дәстүрлі әндерден бақ сынады.

 

Жас дарындарға бағасын беретін кәсіби мамандар, қазақтың дәстүрлі ән шеберлері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Жақсыкелді Кемалов (Қарағанды қ.), Рамазан Стамғазиев (Алматы қ.), Айтбек Нығызбаев (Астана қ.), Ербол Айтпаев (Павлодар қ.), «Құрмет» орденінің иегері Сержан Мұсайын (Қарағанды қ.) төрелік етті.

 

Екі күнге созылған өнер додасы «Шалқыма» концерт залында, күндізгі сағат 09.00-ден басталып, 28 мамыр күні, сағат 18.00-де «Шалқымада» байқаудың жабылу салтанаты өтті.

 

Ж. Елебеков атындағы VІІI Республикалық дәстүрлі әндерді орындаушылар конкурсының Бас жүлдесі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Ақжол Өсербайға (Алматы облысы) бұйырды.

 

Бірінші орынды Қазақ Ұлттық консерваториясының студентті (Қарағанды облысы) Нұрболат Ұзақбай иемденді.

 

Екінші орынды Иса Байзаков атындағы Павлодар облыстық филармониясынан келген (Павлодар облысы) Дәуренбек Сләмғали мен Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының (Алматы облысы) атынан шыққан Қастер Қабдел өзара бөлісті.

 

Үшінші орынды Қазақ Ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан қаласы) Айбала Бейсенова мен Айбек Рымғали және Мемлекеттік академиялық филармония (Нұр-Сұлтан қаласы) Алуа Қалымбекова қанағат тұтты.

 

Мұнымен бірге, Қазақстан халық артисі Қали Байжанов атындағы арнайы сыйлықты Сәулет Аманғазин (Алматы қаласы), Қазақстан халық артисі Манарбек Ержанов атындағы арнайы сыйлықты Айдос Саниязбекұлы (Алматы қаласы), Қазақстан халық артисі Мәдениет Ешекеев атындағы арнайы сыйлықты Қостыбай Қажыби (Алматы қаласы), Әнші, компазитор Рымбай Бөдесов атындағы арнайы сыйлықты Бекзат Ермекбай (Алматы қаласы), Мейірхан Адамбеков атындағы арнайы сыйлықты Еркебұлан Қарыпов иемденді.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1051    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.05.2021, 00:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31