Өркениет

Дәурен Айдарқұлов ажырасқанына кім кінәлі екенін айтты

  • Фото: Instagram/daurenaidarkulov

    Фото: Instagram/daurenaidarkulov

Қазақстандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі сәтсіз некесіне де өзі кінәлі екенін мойындады. Өнер иесінің сөзінше, ажырасып кетуіне екі әйелінің еш кінәсі жоқ. Сонымен қатар, көпбалалы әке үшінші тойы қашан болатыны мен өзін бес жылдан кейін кім болып елестететінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Дәурен Айдарқұлов өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Сауалдарға жауап беру барысында актер алдағы бес жылда қоғам қайраткері болуды жоспарлап жүргенін алға тартты.

 

Сонымен қатар, желі қолданушылардың бірі тіпті көпбалалы әртістен қашан үшінші мәрте үйленетінін де сұрады.

 

"Оның жауабын күтудемін. Мен дайынмын. Мен әрқашан дайынмын", - деп көпшілікті таңғалдырды ол.

 

Айдарқұловтың жанкүйерлері бұл жуаптан кейін оны сұрақтың астына алып, қызу талқы ұйымдастырған.

 

Кейбірі әртіске Ақбота Сейітмағамбеттің жар ретінде сай келмегенін де айтып өткен.

 

"Сіздің көзқарасыңыздан-ақ ақкөңіл жан екеніңізді айтуға болады. Ақбота расымен сіздің адамыңыз емес. Ойы шашыраңқы қыз. Алайда, сіз әлі жассыз. Мойымаңыз, бәрін үлгересіз", - деп пікірін білдірді оқырман. Алайда, Айдарқұлов желі қолданушысының бұл сөздеріне қосылмады. "Балаларымның аналары мүлдем кінәлі емес. Кінә менде", - деп жазды ол.

 

 

 




Көрілген: 2264    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 20:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31