Өркениет

Дәурен Айдарқұлов: «Бірінші әйелім құптамады»

  • Дәурен Айдарқұлов: «Бірінші әйелім құптамады»

    Дәурен Айдарқұлов: «Бірінші әйелім құптамады»

Отандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов жеке өміріне қатысты сұрақтарды жаудырған халықпен тікелей эфирде сөйлесті. Жақында ғана екінші әйелі Ақбота Сейітмағамбетпен ажырасып кеткен өнер иесі бірқатар тың мәліметпен бөліскен. Ол екі некеде туған перзенттері не себепті өзара араласпайтынын ашып айтты.

Дәурен Айдарқұлов қос некесіндегі балаларының бір-бірімен араласқанын аса қатты қалайды. Алайда, актердің бірінші әйелі мұндайды мүлдем құптамайтын көрінеді. Киножұлдыз тіпті кезінде оған айтпай, перзенттерінің басын қосқан болып шықты. Бірақ, бәрі сәтсіз аяқталған. "Оларды қоспақ болғанмын. Бір кездері тіпті бірінші әйеліме айтпай, балалардың басын қостым. Бұрынғы келіншегім мұндайды аса құптамайды. Оның олай істеуіне өз себебі бар. Оны сіздер де түсініп те, біліп те тұрсыздар ғой. Алайда, кейін ол бұл кездесу туралы біліп қойды. Үлкен ұлым абайсызда айтып қояды. Содан бері екі некедегі балаларым әзірге қауышпай жүр. Алайда, басты себеп бұл емес. Негізгі себеп - олардың екі қалада тұрып жатқанында. Бәрақ, бәрі әлі алда. Алла қалауымен ол күнге де жетерміз" , - деп ағынан жарылды Дәурен Айдарқұлов. Айта кетейік, екі рет отау құрып ажырасқан Дәурен Айдарқұловтың бірінші некесінен үш, екінші отбасынан екі баласы бар. Актердің балалары туралы айтқан тікелей эфирінен үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында жарияланды. 




Көрілген: 2614    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 17:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30