Дәурен Айдарқұлов жыныстық қатынас жайлы ашып айтты

15 қараша 2018, 22:49

Экс- КВН ойыншысы Дәурен Айдарқұлов жаны нәзік адам екен. Көп балалы болуды аңсаған әртіс, төрт баланың әкесі жыныстық қатынас туралы әңгіме өрбіткенді жақсы көрмейтін көрінеді.

Актер мұны ашық айтты. 36-жастағы Дәурен әлдекім ондай тақырыптарды көтергенде, тіпті туыстары немесе достары сол «салада» жеткен жетістіктерімен мақтанып жатқанын жақтыртпайды екен.

«Бұл тақырып менің жыныма тиеді. Шынымды айтайын. Сондықтан достарыма, бауырларыма, таныс және таныс емес адамдаға үлкен өтініш: маған кіммен секспен айналысқандарыңды, түнде қанша рет болғанын, әйелге ол үшін не бергендеріңді айтпай -ақ қойыңдар. Маған сендерді тыңдаған жиіркенішті», деді Айдарқұлов.

kaz.365info.kz