Өркениет

Дәурен Айдарқұлов: Мен оны қайтарып алдым, біз енді біргеміз

  • https://qazbrand.info/

    https://qazbrand.info/

Қазақстандық танымал актер әрі әзілкеш Дәурен Айдарқұлов желіде ерекше видео жариялап, барша оқырмандарын ойландырып қойды. Өнер иесі өміріне әлдекімнің қайта оралғанын айтып, қызу талқы тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Желі қолданушыларының басым бөлігі Дәурен Айдарқұловтың бұрынғы жары Ақбота Сейітмағамбетпен қайта қосылғанын болжап жазды.

 

Белгілі актер Instagram парақшасында жариялаған видеосында халықты әлеуметтік желіде жазылып жатқан алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырып, бар шындықты өзі айтуды шешкен.

 

"Достар көпшілігіңіз түрлі пабликтерден, әлеуметтік желілерден, ақпараттық сайттардан дәлелсіз әрі шындыққа жанаспайтын жаңалыққа тап болып жатасыздар. Мұндай келеңсіз жағдай орын алмас үшін , мен өз парақшамда өз аузыммен сіздерге керемет жаңалықты хабарлағым келіп тұр. Ол қайтып оралды. Шынына келгенде мен оны қайтарып алдым. Оны қайтару оңай болған жоқ. Бірақ, ештенеге қарамастан біз енді біргеміз" , - деді видеода әзілкеш.

 

Алайда, өкінішіке орай, қалың көпшіліктің болжамы қате болып шықты. Шоу-бизнес жұлдызы халыққа жолдаған бейнежазбасында өзінің мысығы туралы айтқан екен.

 

Видео соңында ол үй жануарын құшақтап, оның оралғанына қуанышты екенін көрсетеді. Желі оқырмандары актердің бұл әзіліне қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі қалжыңды түсініп оған күліп жатса, енді бірі оның бұл әрекетін аса ерсі деп санаған. Олар Айдарқұлов бұл ісімен бұрынғы жарын мазақ еткен деп жазуда.

 

 

 




Көрілген: 2532    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 14:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31