Өркениет

Дәурен Айдарқұлов: Өмірім жақсы жаққа қарай өзгеріп жатыр

  • Дәурен Айдарқұлов: Өмірім жақсы жаққа қарай өзгеріп жатыр

    Дәурен Айдарқұлов: Өмірім жақсы жаққа қарай өзгеріп жатыр

Дәурен Айдарқұлов өмірінің жақсы жаққа өзгергенін айтты. Бұл жаңалық көпшілікті елең еткізді. Олар әзілкеш үшінші рет үйлене ме деп таңғалысып жатыр. Әзілкеш бұдан бөлек бір айға демалысқа кететінін айтты.

Актер бұған дейін үшінші мәрте үйленетінін, оранған қыз іздеп жүргенін айтқан еді. Еш нәрсеге зауқы жоқ екенін айтқанымен бұл күнде көңіл-күйі жақсы. Әзілкеш өмірінің жақсы жаққа қарай өзгеріп жатқанын айтып елді қызықтырды.

 
"Бәрін қайта басынан бастауға болмайды, бәрі кеш. Алайда алға ұмтылып, бәрін жақсылықпен аяқтауға болады", - деді әзілкеш.

Қазіргі өмірді әлеуметтік желісіз елестету мүмкін емес. Желіде уақыт өткізетіндер көп. Ал Айдарқұлов үшін бұл маңызсыз дүние. Себебі маңызды шаруадан қалдырады. Актер желіден кетіп өзіне демалыс жариялады.

Бұл туралы актердің өзі парақшасында айтты. 

"Ассалаумағалекум! Инстаграмның менің уақытымды алып, маңызды жұмыстардан қалдыратынын білгендіктен бір айға демалыс алдым. Сіздерді қандай да бір сұрақ мазаласы көрсетілген нөмірге, директорыма хабарласа аласыздар", - деп жазды Айдарқұлов.

Көпшілік оның әрекетін қолдап жатыр. Енді бірі өнер адамы халықтың көз алдында жүру керек деген пікір айтты. 

"Өзіңнің бірінші әйеліңе қосыл, бақытты боласың", "Әр әйелдің басын бір шалма", "Намаз оқып, дүниеге басқаша көзбен қарасаң, бәрі жақсы жаққа өзгереді", "Демалыс алғаның дұрыс болған, желінің еш пайдасы жоқ", - деп жазды желі қолданушылары.




Көрілген: 2278    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 11:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30