Өркениет

Дәуреннің көзіме шөп салғанын да кешірер едім: Ақбота Сейтмағамбет

  • https://baribar.kz/

    https://baribar.kz/

Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловпен біржола ажырасып кетті. Әңгіменің соңғы нүктесін қойған әнші енді қосылмайтындарын ашып айтты. Оған өзіндік себептері бар. Жас әнші өзін кінәлаған көпшіліктен қолдау сұрады, себепсіз айыптамауға шақырды деп жазады stan.kz тілшісі.

 

"Дәурен өте талантты актер. Оның әзілдері, актерлік шеберлігі өте кәсіби түрде мықты десе болады. Ол шығармашылық жан. Қолынан бәрі келеді. Сөзге де шешен. Бірақ отбасында ер азамат ретінде көре алмадым. Мен үшін отбасында ер азамат әке, күйеу, отағасы болу керек. Бізде ондай болған жоқ. Менің Дәуренмен тұрған 4 жылымның жартысы жылаумен өтті. Бірақ маған қол көтерген емес. Мен кетіп қалып, қайтып келіп жүрген адам емеспін. Орамал тағып, сәлем салып, келіндік міндетімді атқарып жүрдім. Үлкен ұлым туғаннан соң да бір рет ажырасып барып қосылғанбыз. Ол кезде туыстарым Дәуренмен қосылма деп ақыл айтты. Алайда мен баламды ойлап, қайта қосылдым. Дәурен өзі келді. Қазір сол жолы қателескенімді түсініп жүрмін. Одан кейін қызым өмірге келді. Жауапкершілік одан әрі күшейді. Дәурен менің көзіме шөп салса да кешірер едім, не істесе де кешірер едім. Бірақ шыдамның шегі жеткен соң кеттім", - деді әнші Жанар Айжановамен бірге "Тәтті шай" ішіп отырып.

 

Жара қаптап кетті. Жылап-жылап, қайта тұрып түсірілімдерге барып жүрдім. Шыдамым шегіне келгенде, екі баламды алып, боянып-сыланып, Дәуренге түсіндіріп айттым да кеттім. Онымен тұра алмайтынымды түсіндім. Одан әрі жынды болатынымды білдім. Жындыханадан құтылайын дедім. Дәуреннің әке-шешесі жақсы адамдар. Бірақ қандай болса да ене келінді қызындай көрмейді. Ұлынікі дұрыс емес болса да, соны жақтайды екен", - деді Ақбота.

 

Әнші Ақбота өзіндей өрімдей қыздардың тағдыры ластанып, өзіндей қателік жасамауын қалайды.

 

"Мені желіде көп айыптап жатады. Алдымен жағдайды түсінсе екен деймін. Мен секілді қыздары бар. Кімнің тағдыры қандай екенін білмейді. Қыздарға мен секілді алданып қалмасын, аңқау болмасын, құр сөзге сенбесін дегім келеді", - деді ол.  




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.09.2020, 02:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31