Өркениет

«Депрессия болды»: Балжан Бидаштың неге көңілі құлазып жүр?

  • «Депрессия болды»: Балжан Бидаштың неге көңілі құлазып жүр?

    «Депрессия болды»: Балжан Бидаштың неге көңілі құлазып жүр?

«Кешью» тобынан бөлек кеткен Балжан Бидаштың көңілі құлазып жүр. Айтуынша, соңғы уақытта өзіне демалыс жариялапты. Ол жеке әнші болып өзін әлі күнге дейін көрсете алмай жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Кез келген шығармашылық адамында болады. Негізі мұндай көңілімді ешуақытта сезініп көрген емеспін. Бірақ депрессия болды. Әлі де бар деп айтсам болады. Уақытша нәрсе, кетеді. Әр нәрсе адамның өз қолында. Бірақ әндерім өтпей жатыр деп қынжылмаймын. Бірнеше жылдан кейін де бағы жанып жатқан әншілер бар ғой. Біреу болса, екіншісі болмайды. Сондықтан сабыр ету керек», – дейді Балжан Бидаш.

Продюсерсіз жұмыс істеуді қиын деп есептемейтін әнші алдағы уақытта өзін қолға алып, жұмысқа кірісетінін айтады.

«Осы төрт-бес жылда біздің эстрада өте қатты өзгеріп кетті. Әндер де, әншілер де шығып жатыр. Сондықтан да продюсерсіз жұмыс істеу қиын емес. Үйде отырып та ән жазып, танымал болуға болады. Мықты әнші болсаң, продюсер жоқ деп жүре беруге болмайды. Жұмыс істеу керек», – дейді ол.

Айтуынша, қазіргі заманда тек талантың арқылы ғана таныла алады екенсің. Бұрынғыдай таныс-тамыр жойылған.

«Бірақ әрине оңай емес. Шынымды айтсам, қазір таныстың заманы емес. қазір өтімді ән, шынайы таланттың заманы. Бұрын танымал болуға тырысып, тырмаланатын едік. Қазір есейіп жатырмын ба білмеймін. Инстаграмда да белсенділігім төмендеді. Қазір демалыс үстіндеміз. Көктем келді, енді басталатын шығар жұмыс», – дейді Балжан Бидаш.
 




Көрілген: 543    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 13:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31