Ди Каприо мұзды көлге түсіп кеткен итті аман алып шықты

19 желтоқсан 2021, 15:20

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо "Жоғарыға қарама" картинасын түсіру жұмысында жүріп, мұзды көлге түскен екі иттің соңынан секіріп, аман алып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы фильмнің актерлері Entertainment Weekly басылымына берген сұхбаттарында айтты.

Фильмді түсіру кезінде әртіс екі хаски итімен бірге тұрғын үйді жалдап тұрған. Бірде оның үй жануарларының бірі үнемі Калифорнияда тұрғандықтан суық ауа райында көлдердің қатып қалатынына үйренбей, мұз қатқан көлге секіріп кетеді. Ол жерден шығу үшін оған көмек керек болды, сондықтан Ди Каприо артық ойланбастан жануардың соңынан мұзды суға секіріп, итті құтқарып алады. 

"Екінші ит суға батып бара жатқан итті иіскелей бастады, осылайша барлығымыз көлдің ортасына тап болдық", - дейді актердің өзі.

Stan.kz