Өркениет

Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтармен кездескенін мойындады

  • Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтармен кездескенін мойындады

    Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтармен кездескенін мойындады

 Қазақстандық эстрада жұлдызы Дильназ Ахмадиева отбасылы азаматтрмен кездескен болып шықты. Оны әншінің өзі эксклюзивті берген сұхбатында мойындады. Алайда, өнер иесі еш уақытта біреудің отбасын бұзуды мақсат етпегенін айтты. Ол өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, басқа біреуге тиесілі адамның сендік болмайтынына көзі жеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасына сілтеме жасап. 

Дильназ Ахмадиева Әділ Лиянға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты бар ащы шындықты жайып салды. Өнер иесі басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, жанұясы болған азаматтармен кездескенін де жасырмады. Алайда, әнші олардың отбасылы екенін білмей қалғанын түсіндірді. "Мен өмірімде талай күйіндім. Сатқындықты, опасыздықты да көрдім. Мен отбасылы адамдармен кездестім. Бірақ, олаоды тіз қатар қойып, таңдаған емеспін. Мен тым кеш білетінмін. Бәрін тек аяқталған уақытта біліп жүрдім. Негізі ондай адамдар үшін күресуге болатын жағдайлар да болады. Бірақ, оның бәрі әрбір адамның жеке оқиғасына тікелей байланысты. Алайда, қырыққа таяп қалған шағымда менің түйгенім мынадай: Бастапқыда сендік болмаған адам ешқашан сенікі болмайды. Өзіңді әрқашан қарама-қарсы тараптың орнына қоя білу керек. Мен ешқашанда біреудің отбасын ойраңдап, ажырастыруды мақсат етпегенмін. Ол дүниедегі ең жаман нәрсе. Өмір - бумеранг. Мен оған сенемін. Сол себепті, олай жасаудың қажеті жоқ. Қарғысқа қалып, бақытты өмір кешпейсің" , - деді ол. Мен ешқашанда біреудің отбасын ойраңдап, ажырастыруды мақсат етпегенмін. Ол дүниедегі ең жаман нәрсе. Өмір - бумеранг. 

Айта кетейік, бұған дейін Дильназ Ахмадиева өзінен алты жас кіші екінші жолдасымен қалай кездескенін айтты. Ол кезде өнер иесі әлі тұрмыста болған. 

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева өзінен алты жас кіші жолдасы екеуінің махаббат хикаясы қалай басталғаны туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі сүйіктісімен танысқан уақытта тұрмыста болған. Оған қоса, ол ғашығына бірінші болып сөз айтқанын мойындады. 

Дильназ Ахмадиева екінші күйеуімен 2013 жылы "X-factor" жобасында танысқан болып шықты. Әнші әділ қазы алқасында болса, сүйіктісі ол жобаға қатысушы болып барған. Өнер иесі ол кезде тұрмыстағы келіншек еді. Алайда, 2015 жылы ол ажырасып тынып, 2017 жылы Әзілханмен қарым-қатынасын бастаған. "Біз 2013 жылы жобада таныстық. Ол өз тобымен музыкалық додада бақ сынап келді. Мен әділ қазы мүшесіндемін. Мен ешқашан өзімнен үлкен аталарға қарамайтынмын. Мен оған назар аудармадым. Ол кезде тұрмыста едім. Арамызда тек іскери әңгіме болды. Танысуының таныстық ол кезде. Бірақ, махаббатымыз тек бірнеше жылдан соң басталды. 2017 жылы біз бір қайырымдылық концертінде қайта кезіктік. Сол кезде көңіл-күйім болмай жүрді. Сол күні мен оны көріп, оған бардым да "саған қояр 3 сұрағым бар" дедім. "Үйленгенсің бе? деп сұрадым. Ол "жоқ" деді. Қызың бар ма дедім. Ол "жоқ" деді. Онда саған үшінші сұрақты сосын қоям дедім. Солай бәрі басталды", - деді ол. 

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/bE0MD_VEdGs" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 1515    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.07.2020, 18:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30