Өркениет

Димаш 5 жасында алғашқы табысын тауып, оны әжесіне бергенін айтты

  • Димаш 5 жасында алғашқы табысын тауып, оны әжесіне бергенін айтты

    Димаш 5 жасында алғашқы табысын тауып, оны әжесіне бергенін айтты

5 жасында республикалық деңгейдегі «Айналайын» конкурсына қатысып, лауреат атанған.

Әлемге танылған әнші Димаш Құдайберген ресейлік МУЗ-ТВ арнасының директоры Арман Дәулетияровқа сұхбат берді.  

Әнші сұхбат барысында бала кездегі арманы, алғашқы табысы туралы айтты.

«Кішкене кезден таэквондомен айналысып, суға жүздім, вокалымды күшейтіп, фортепианода ойнадым. Музыка мектебіне барып, спорттық үйірмелерден қалмадым. Үш жаста болсам да, үлкен сахнаны армандайтын едім. Басқаша өмірді армандаған емеспін. Әрдайым әнші, әртіс болатынымды сезетінмін», &ndash деді Димаш Құдайберген.
Дара дауысты Димаш 5 жасында республикалық деңгейдегі «Айналайын» конкурсына қатысып, лауреат атанған.

«Маған алғыс хатпен бірге мың теңге берді. Қазір ол дегеніңіз үш долларға тең сома. Сол алғыс хатым мен мың теңгені әжеме тезірек табыстауға асыққаным есімде. Әжем өзіне бірдеңе алсын деп ойладым. Үйге қайтып бара жатқан кезде анамнан «Теңге сізде ме? Қазір әжеме береміз» дей бергенім есімде», &ndash деп еске алды ол.

aikyn.kz




Көрілген: 1417    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.11.2020, 00:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31