Өркениет

Димаш қашан үйленеді? Әншінің ата-анасы жауап берді

  • Димаш қашан үйленеді? Әншінің ата-анасы жауап берді

    Димаш қашан үйленеді? Әншінің ата-анасы жауап берді

 Әлемге танымал дүлдүл әнші Димаш Құдайберген қашан үйленеді? Димаштың ата-анасы Света мен Қанат Айтбаевтар сұхбат берді. Димаштың карантин уақытында немен айналысқанын айтты.

Қанат пен Света Айтбаевтар бұл туралы "Таңшолпан" бағдарламасында айтты.

"Карантин уақытында үйде жаттық. Бір жағынан Димаш қасымызда болды деп жұбанамыз. Қанша жылғы карбаластан соң қасымызда, үйде болды, демалды. Үйде жатып концерт берді. Сазгерлермен жұмыс істеді", - деді Қанат Айтбаев.

Света Айтбаеваның айтуынша, қазақтың аластау дәстүрінен бас тартпайды екен. Керісінше оның пайдасы барын айтады.

"Аластау деген - тұнған философия. Қазақ бекерге алас жасамайды. Қазіргі пандемия басталғанда да алас деген нәрсені ұмытып кеткеніміздің кесірі болар деп ойладым. Аластау ауаны ғана емес, бойды тазартады", - деді әнші.

Қазір сүрбойдақтар тізімінде тұрған Димаштың қашан шаңырақ құратыныны көпшілікті қызықтырмай қоймайды. Бұл сұраққа әкесі жауап берді.

"Мен өзім институтта оқып жүргенде үйленгенмін. Ол кезде Света да жаңадан оқуға түскен. Студент болып жүріп үйлендік. Ал, Димашқа айтсақ, бұл сұрақтан күліп құтылады. Біздің де немере сүйгіміз келеді. Бірақ уақытында бәрі бола жатар", - деді Айтбаев.

Димаш үйде үш ағайында бір қарындасы, бір інісі бар. Раушан мен Мансұр, Димаш үшеуі де спортқа бейім. Үшеуі де суда жақсы жүзеді. Үйде орналастырылған спортты снарядтар бар. Солармен айналысады дейді әкесі.

Stan.kz




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.06.2020, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31