Димаш "Қазақстанның жыл әртісі" атанды

04 наурыз 2022, 22:50

Бүгін мәдениет, өнер, спорт саласындағы "Тикетон" сыйлығына дауыс беру аяқталды. Нәтижесінде Димаш Құдайберген "Қазақстанның жыл әртісі" номинациясының жеңімпазы атанды.
 
 Бұл туралы dimashnews.com сайты жазды.

Кино, театр, спорт, бизнес саласындағы түрлі номинациялар бойынша үміткерлерге дауыс берілді. Бұған 50 мыңға жуық адам қатысты.

Мәселен, "Қазақстанның жыл әртісі" номинациясына үміткерлердің қатарында диджей Иманбек, хип-хоп орындаушысы The Limba, "Ирина Кайратовна" шығармашылық бірлестігі, әзілкеш Сәуле Юсупова, әртіс Евгений Чебатков, Ninety One тобы және әнші Yenlik бар.

Аталған номинацияны дауыс саны бойынша Димаш Құдайберген ұтып алды. Бұл әншінің алғашқы сыйлығы емес. Былтыр өткізілген сайыста да Димаш бірінші орыннан көрінген еді.
 

BAQ.KZ