Өркениет

Димаш Құдайберген 10 жыл бұрын жазылған композицияның тынысын ашты (видео)

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Димаш Құдайберген белгілі қазақ композиторы Ренат Гайсин жазған композициясын домбырамен орындады, деп хабарлайды DimashNews.

 

«River Of Love» трегі 2011 жылы жазылды. Ренат Гайсин АҚШ-тан Қазақстанға ұшып келе жатқанда, кенеттен ұшақтың иллюминаторы арқылы ұшы-қиырсыз өзенді көреді. Оған таң-тамаша болған композитор дәл сол уақытта оның ойында болашақ композицияның әуені пайда болады. Сосын ұшақта отырып ол ойындағы әуенді нотаға түсіреді.

 

«Мен үшін су әрқашан өмір мен шексіз махаббаттың қайнар көзі болды. Композицияны құрастыра отырып, оның әуені біздің халық аспабы – домбыра үшін өте қолайлы екенін түсіндім», – деп бөлісті Ренат Гайсин.

 

 

Автор оны танымал қазақстандық виртуоз домбырашы Асылбек Еңсеповке орындауды ұсынды. Содан кейін, студияда жазу барысында оған «Махаббат өзені» атауын беру туралы шешім қабылданды. Студияда трек жазып, музыканттар оны сол жылы жарыққа шығарды.

 

Он жылдан кейін композиция жаңаша әуенге ие болды. Барлығы дерлік кездейсоқ жағдай.

 

Бірде Ренат пен Димаш студияда жұмыс істеу барысында, кенеттен Димаш әрбір қазақстандыққа белгілі әуенді ойнай бастады.

 

Композитордың айтуынша, Димаш әуенге «жаңа тыныс» берді.

 

Бұл әуен оны шабыттандырғаны соншалық ол бірден жаңа түпнұсқа аранжировка жасауға кіріскен.

 

 

Сол күні Димаш домбыра партиясын жазды, шығарма мүлдем жаңаша әрі стильді шырқалды. Сондай–ақ, ол өзінің қайталанбас вокализдерін қосты, бұл композицияға одан да көп эмоциялар берді.

«River Of Love» енді Димаштың орындауында жаңаша шырқалатынына өте қуаныштымын», – деп түйіндеді автор.

 

 

 

turkystan.kz/




Көрілген: 1016    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 11:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31