Өркениет

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

  • Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

    Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшетінін мәлімдеді

Белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің шығармашылығын қолдау үшін Америка Құрама Штаттарына көшетіні туралы хабарлады.

Әнші MTV USA арнасына берген сұхбатында Америкаға кетенін мәлімдеді.
"Мен Қытайда қанша жыл өмір сүргенім туралы және менің шығармашылықты қолдау үшін Америкаға көшуді жоспарлап жүргенім туралы, және сіз көптеген қызықты нәрселер туралы толық нұсқада біле аласыз», - деп жазды Димаш желіде.

Кеан Кеннимен болған сұхбатында әнші не себепті Америкаға барғысы келетінін айтты.

«Мен өз шығармашылығымды жетілдіру үшін Америкада біраз уақыт өткізуді жоспарлап отырмын. Ол үшін шоу-бизнес әлемінің эпицентрінде болуым керек. Менде ондай тәжірибе болған: мен Қытайда өзімнің музыкамды дамыту үшін үш жарым жыл болдым Менің сүйікті жерім - ол менің отбасым тұрып жатқан жер», - деді Димаш.

Әнші Қытай елін жақсы көретінін айтты.

«Маған Қытайдағы адамдар ұнады, олар ақжарқын, менің жанкүйерлерім өте қамқор. Менің Қытайдағы менеджерлерім - кәсіби мамандар», - деді ол.

Димаш Құдайберген 2017 жылы қытайлық танымал Singer телевизиялық шоуына қатысқаннан кейін әлемге әйгілі болды. Ол екінші орынға, одан кейін көптеген марапаттар мен сыйлықтарға ие болды.

Димаш қазақ тіліндегі бейнесі америкалық MTV-де пайда болған алғашқы қазақстандық әнші. Димаш сонымен қатар АҚШ-тың сайланған президентін ұлықтау мерекесін өткізу апталығын ашқан шараға қатысқан алғашқы қазақстандық әнші болды.




Көрілген: 2992    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 23:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30