Димаш Құдайберген еліміздің денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты

11 наурыз 2021, 22:17

Димаш жыл басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 мың доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды.

Белгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның денсаулық саласына 500 мың доллар сыйға тартты. Бұл туралы C.U.R.E үкіметтік емес қайырымдылық қорының президенті Дуглас Джексон мәлім етті.

– Димаш C.U.R.E жобасының амбассадоры ретінде Халықаралық әйелдер күнін онлайн форматтағы тойлау шарасына қатысып, ән салды. Одан түскен 500 мың доллар ақша дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсау үшін Қазақстанға табысталады, – деді ол.
Онлайн форматта өткен шарада Димаш сөз сөйледі. Одан соң қиын-қыстау пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған әнінің бейнебаяны көрсетілді.

– Димаш жыл басында онлайн концерт өткізді. Одан түскен табыстың бір бөлігін ол Қазақстанның денсаулық саласына берді. 500 мың доллар дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар сатып алу үшін жұмсалатыны айтылды. Осы жағдай біздің онымен жақын танысуымызға түрткі болды. Сөйтіп оны өзіміздің бас амбассадорымыз ретінде тағайындадық. Оның медицина қызметкерлерінің жанкештілігі мен қаһармандығына арналған әні бар, – делінеді қосымша ақпаратта.

aikyn.kz