Өркениет

Димаш Құдайберген «Славян базары» ән байқауына қазылық етеді

  • Димаш Құдайберген «Славян базары» ән байқауына қазылық етеді

    Димаш Құдайберген «Славян базары» ән байқауына қазылық етеді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2021 жылы өтетін «Славян базары» ән байқауында қазылық етеді, деп хабарлайды Mnews.kz.

Димаш 2018 жылы да Беларусь елінде жыл сайын өтетін «Славян базары» байқауында төрелік етті. Ал 2015 жылы бұл байқауда әнші ретінде бағын сынап, гран-при жеңіп алған еді.

«Славян базары» өнер фестивалі аясында балалар мен ересектерге арналған эстрадалық ән байқауына Қазақстаннан ұлттық іріктеуді Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева жүргізеді. Ал Витебскідегі байқаудың финалында Димаш Құдайберген қазылар алқасының құрамында болады.

Димаш өз сұхбатында «Славян базарына» қатысқаннан кейін әншілік мансабы өрлей бастағанын, тек өз елінде ғана емес, басқа жерлерде де таныла бастағанын айтты. Биыл Димаш Қазақстан өкілі ретінде эстрадалық ән орындаушылары байқауында қатысушыларға баға береді, – деп хабарлады «Славян базарын» ұйымдастырушылар.

Витебскідегі 30-шы «Славян базары» байқауы биыл 14-19 шілде аралығында өтеді. Алайда әнші бұл туралы парақшасында әлі жариялаған жоқ.

BAQ.KZ




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 08:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30