Өркениет

Димаш Құдайберген «Славян базарында» өнер көрсетті

  • Димаш Құдайберген «Славян базарында» өнер көрсетті

    Димаш Құдайберген «Славян базарында» өнер көрсетті

«Витебскідегі Славян базары» XXX халықаралық өнер фестивалінің ашылуы жазғы амфитеатрда өтті.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Славян базары – 2015» жеңімпазы, осы шараға шақырылған қонақ және эстрадалық әндер байқауындағы қазылар алқасының мүшесі Димаш Құдайберген қатысты, – деп жазады dimashnews.com.
Фестивальді Беларусь президенті Александр Лукашенко ашты.

«Бүгінгі Витебскідегі фестиваль – бұл кәсіби вокалдық шеберліктің беделді халықаралық байқауы. Бұл сахна Таисия Повалий, Руслана, Петр Елфимов, Алена Ланская, Димаш Құдайберген және басқа да көптеген танымал әртістердің жарқын мансабына бастау болды», – деді Александр Лукашенко.
Салтанатты кеште Димаш Құдайберген «Любовь похожая на сон» және Be With Me әнін орындады.

«Қымбаттыларым, сүйікті тыңдармандарым! Бүгін сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Дәл осы жерде, осыдан тура 6 жыл бұрын, мен шығармашылық өмірге қадам бастым», – деді Димаш Құдайберген.
Әнші көрерменге ата-анасын таныстырып, жанкүйерлерімен бірге анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады.

aikyn.kz




Көрілген: 958    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 16:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30