Өркениет

Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының жеңімпазы атанды

  • © Sputnik / Григорий Сысоев

    © Sputnik / Григорий Сысоев

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Жыл жаңалығы" аталымында жеңіске жетті, ал "Olimpico" әні оған "Классикалық музыкада жылдың әншісі" марапатын алуға мүмкіндік берді.

Бұл туралы 5 желтоқсанда Кремль сарайының сахнасында өткен салтанатты рәсімнің қорытындысы бойынша белгілі болды.

Димаш Құдайберген қолдау білдірген ата-анасына, тыңдармандарына, "Olimpico" әнінің музыкасын жазған атақты ресейлік композитор Игорь Крутойға алғысын білдірді.

"Өте қуаныштымын! Маған дауыс бергені үшін ресейлік әріптестеріме және ән айтуға мүмкіндік берген барша әлемдегі тыңдармандарыма рақмет айтамын", - деп атап өтті Димаш.
Классикалық музыка орындаушыларының арасында сыйлыққа үміткерлердің қатарында танымал әншілер Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмава, Анна Нетребко және Ольга Перетятко болды.

Салтанатты рәсім барысында Димаш көрермендерді "Знай"әнімен қуантты.

"Виктория" музыкалық сыйлығы – кәсіби мамандар – музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары және журналистер өткен жылдың қорытындысы бойынша ең үздіктерді таңдайтын Ресейдегі алғашқы сыйлық.

sputnik




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 10:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31