Өркениет

Димаш Құдайбергеннің анасы оның Қытайға көшуі туралы ақпаратқа пікір білдірді

  • Димаш Құдайбергеннің анасы оның Қытайға көшуі туралы ақпаратқа пікір білдірді

    Димаш Құдайбергеннің анасы оның Қытайға көшуі туралы ақпаратқа пікір білдірді

Светлана Айтбаева ұлы Димаштың Қытайға кетуі жайлы ақпаратқа пікір білдірді. Хайп үшін сөзді бұрмалап жіберетіндерге аң-таң болып отырған ол шындықты айтты. Бұл туралы Stan.kz Экспресс-К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта Димаш Пекинде. Алайда анасының айтуынша, ол онда тек жұмыспен барған. Түбегейлі көшетін ниеті жоқ. 

 
"Адамдардың өтірік айту қабілетіне таңғаламын. Біреулер хайп үшін жасайды. Ол ешқайда да көшпейді. Қазақстанда қалады. Әдеттегідей гәстрөлдетіп, елдерді аралайды. Ресейге, АҚШ-қа қалай барып келсе, Қытайға да солай. Жақында Отанына қайта оралады", – деді Димаштың анасы. 

Светлана Айтбаева Димаш Америкаға аттанар кезде де ақпараттың жалған таралғанын айтып өтті. 


"Америкада тұру немесе ол елдің азаматтығын алу Димаштың жоспарында жоқ. Гәстрөлге барады, арасында білім алады. Оның барлығы жұмыспен. Біз жолға шығарда шығарып салуға адамдар келді. Бізді мәңгіге кетіп барады деп жылады. Ыңғайсыз болды", – деп еске алды Светлана Айтбаева. 

Димаш Қытайда бірнеше ай болуды жоспарлап отыр. Фанаттарын сағынған әнші Аспан асты елінде концерт бермек.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген 2 жылдан кейін Қытайға қайта оралғанын жазған еді.




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 10:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31