Өркениет

Димаш Мәскеуде жаңа әннің тұсауын кесті (видео)

  • © Photo : Официальный новостной сайт Димаша Кудайбергена

    © Photo : Официальный новостной сайт Димаша Кудайбергена

Димаш Құдайберген Мәскеуде жаңа жылдық кештің түсіріліміне қатысты. Ол "Жаңа жылдық шам" кешінде Игорь Крутой мен Игорь Николаевтың "Мен сені сағындым" атты жаңа әнін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында Хизри Байтазиевпен түскен фотосын жариялап, Мәскеуге ұшып бара жатқанын жазды.

 

 

Ресейлік композитор Игорь Крутой да жеке парақшасында Димашты қалай күтіп алғаны, концерттің қалай өткені көрсетілген видео жариялады.

 

"Бүгін бақытты күн. Себебі Игорь Николаевпен бірге жазған "Мен сені сағындым" атты жаңа әніміз менің және көпшіліктің сүйікті әншісі Димаш Құдайбергеннің орындауында өмір жолын бастап жатыр", - деп жазды Крутой.


 

Сонымен қатар Димашпен жылы жүздесіп, өткен тоғыз айдағы өміріне қатысты әсерін бөліскенін жазды.

 

"Студиядағы көрермендер қуана қарсы алды. Бұл қошемет режиссердің нұсқауымен соғылмағаны сенгім келеді. Елді жаңа жылмен құттықтадық. Сүйікті іспен айналысу қандай бақыт! Мен 2020 жылды тезірек  өткізіп, 2021 жыл коронавирусты жеңіп, барша халыққа бейбітшілік пен достық, әр адамға тыныштық пен махаббат әкелетініне сенемін", - деп жазды ол.

 

Ал Димаш Құдайберген тоғыз айдан кейін сахнаға шығар алдында қобалжу мен қуаныш сезімінің қатар тұрғанын айтты.

 

"Құрметті достар! Бұл өте толғанысты сәт, араға тоғыз ай салып мен қайтадан сахнаға шықтым. Көрермендерді қатты сағынып қалдым. Әрине, сахнаны, Игорь Яковлевичті, ол кісінің роялін сағындым", - деді Димаш Құдайберген.

 

Сондай-ақ, әнші жаңа әннің көрермен көңілінен шығатынына сенім білдірді.

 

 

 

 




Көрілген: 3778    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.12.2020, 13:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31