Өркениет

Димаш пен Крутойдың қызы туралы сыбыс тарады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Димаш Құдайбергеннің Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев қазақстандық әнші мен ресейлік композитор арасындағы шығармашылық қатынастың үзілгені туралы тағы бір қауесетті жоққа шығарды.

Әлеуметтік желі мен бірқатар ақпарат басылымында 25 жастағы әнші Димаш Құдайберген мен композитор Игорь Крутой әріптестігін тоқтатады деген мәлімет жария болды.

Қарым-қатынастың үзілуіне әншінің ресейлік продюсердің асыранды қызы Викторияға көңіл білдіруі себеп болды делінген. Мәлімет бойынша, Игорь Крутой бұндай байланысқа қарсы екен.

Димаштың 2020 жылғы Ресей мен Еуропадағы концерттік турының ұйымдастырушысы Хизри Байтазиев түрлі бұқаралық ақпарат құралында тараған бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл жай ғана сыбыс емес, бұл сұмдық фейк, - деді Sputnik Қазақстанға Хизри Байтазиев. – Мен бұндай ақпаратты тарату кімге тиімді екенін білмеймін. Осыны ойлап шығарған адамдар ұялсын".

Биылғы ақпанда Димаш Ресейде үлкен концерттік турын бастайды. Бірінші концерт Краснодарда, одан кейін Қазан мен Екатеринбургте өтеді. Ұйымдастырушының айтуынша, бұл концерттер белгілінген уақытта өтеді.

"Ешкім ешкіммен ешқандай қатынасын үзген жоқ және үзгелі жатқан жоқ", - деп түсіндірді Байтазиев. – Біз жасайтын жобалар әлі көп".

Еске салсақ, Димаш Құдайберген мен Игорь Крутой қарым-қатынасының үзілгені туралы ақпарат алғаш рет бір апта бұрын – 13 ақпанда жария болды. Сол кезде бұны "ДимашАли" шығармашылық орталығы жоққа шығарған еді.

Әншінің өкілі Назым Жанғазинова "композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайберген арасында жылы шығармашылық әрі достық байланыс орнаған және ол бүгінге дейін жалғасып келеді" деді.

Оның айтуынша, 2020 жылы Игорь Крутой компаниясымен бірлесіп өткізуге жоспарланған концерттің бәрі кестеге сай өтеді.

sputnik 




Көрілген: 3226    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2020, 15:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Тамыз, 13:48
    Қарбызды жаз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31