Өркениет

Димашқа қазақстандықтардың қолдауы қажет

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Бүгін Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде King Choice рейтингінде қазақстандықтарды әнші Димаш Құдайбергенге дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты.

 

«Күн сайын еліміздің жастары әлемді бағындыруда. Мысалы, қазақстандық шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы және қазіргі уақытта ең үздік шахматшы-қытайлық Хоу Ифаньді жеңіп алды.

 

Imanbek Grammy марапатынан кейін «Жылдың ашылуы» санатында танымал GQ ерлер журналының «Жыл адамы 2021» сыйлығын иеленді. Әрине, бұл шыңдарға отандастарымыздың қолдауы арқасында қол жеткізіледі. Сіздерді қазақстандық жастардың тағы бір өкілі, тамаша дауыс иесі – Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырамын.

 

Қазір Димаш тағы да King Choice рейтингінде Азиядағы ең тартымды адам атағына үміткер болып отыр. Байқау 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Димаш Құдайберген бүкіл әлем бойынша жанкүйерлер армиясы бар оңтүстік кореялық BTS тобының солисінен кейін екінші орында. Бірақ ортақ күш-жігерімізбен Димашты 1-орынға шығара алатынымызға сенімдімін.

 

Сіз өз дауысыңызды https://kingchoice.me/the-100-most-attractive-asian-celebs-2021/dimash-kudaibergen сайтында бере аласыз.

 

Дауыс беру ережелерін @jas_otan Instagram және Facebook парақшаларынан көруге болады.

 

Қазақстандықтардың ортақ күш-жігерімен біз байқауда жеңіске жетуге көмектесеміз деп сенемін!» – деп жазды ол.

 

 

 

 

aikyn.kz

 




Көрілген: 680    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.09.2021, 21:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31