Өркениет

"Димаштың анасының мақтанғанын көрмедік": Роза Рымбаеваның сөзі көпке жақпай қалды

  • "Димаштың анасының мақтанғанын көрмедік": Роза Рымбаеваның сөзі көпке жақпай қалды

 9 қараша күні Алматыдағы Республика сарайында Әли Оқаповтың "Bile" атты жеке ән кеші өтті. Бұл - Әлидің Алматы жұртшылығына арналған алғашқы жеке концерті. Ол екі сағат бойы оңтүстік астананы жанды дауыста айтылған әнімен көмкеріп, әсем биімен баурай білді. Әли Оқапов былтыр "Bile" деген аптпен Елордада есеп берген болатын. "Алматыда Әлидің концертіндей кеш әлі болған жоқ. Осы мағынада, осы стилде. Фонограммамен аузын жыбырлатып тұратын бізде концерттер көп. Бұл ондай кеш емес. Бұл оркестрмен, балетпен және жанды дауыспен айтатын жұмыс, - дейді әншінің анасы Роза Рымбаева. Роза Қуанышқызы алғашқы уақытта әншілік, композиторлық, бишілік қабілеті қатар дамыған ұлының тек кәсіби музыкант болуын қалаған. Алайда Әли әмбебеп әртіс екенін дәлелдеді. Бұл кеште әнші 25 әнді орындап шыққан. Концерттік бағдарламының басым бөлігі - авторлық туындылар. Жеке кешінде қос бірдей халық әртісімен дуэт құрып, Диас Аблаев, Сырымбет Еңсепов сынды қатарластарымен қосыла ән шырқаған.


Ұлының концертіне жоғары баға берген Роза Рымбаеваның сөзі желі қолданушыларыны жақпай қалды. Димаштың анасы "Менің баламдікіндей кеш болған жоқ" деп бір мақтанған емес. Айтпаса да барлығы біледі. Міне, Алла берген Талант осы", "Стадионда бергендей айтты ғой", "Кішкене қарпайым болса халық жақсы көреді ғой. Бұндай концерттің қаншасы болды. Одан да күшіті әрі жанды дауысты", - деген жазба қалдырған.





ERNUR.KZ




Көрілген: 11336    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.11.2019, 20:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31