Өркениет

Димаштың есімі Марсқа жетті

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

18 ақпанда Perseverance атты жаңа ровер Марс бетіне қонды. Ғылыми жабдықтармен қатар, ол Қызыл планетаға миллиондаған адамның есімдерін жеткізді.

 

Олардың арасында Димаш Құдайбергеннің есімі де бар, деп хабарлайды dimashnews.com сайты.

 

Perseverance ровері 2020 жылдың 30 шілдесінде алыс сапарға аттанып, жеті айға жуық уақыттан кейін Қызыл планетаға сәтті қонды.

 

Fox News жазуынша, Perseverance &ndash технологиялық жағынан ең дамыған робот және оны Марсқа NASA жіберіп отыр. 2,7 миллиард доллар тұратын робот бір марстық күн ішінде орташа есеппен 200 метрді бағындырып отырады.

 

Ол ұзындығы шамамен 2 метр манипулятор қолымен, бұрғылаумен және ғылыми құрылғылармен жабдықталған. Оның ішінде жоғары технологиялы түсірілім камерасы, ауа райын өлшеуге және шаңды бақылауға арналған сенсорлар, рентген жүйесі және тау жыныстарының химиялық құрамын өлшеуге арналған камера жүйесі бар.

 

 

Сондай-ақ, Perseverance Марсқа коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан дәрігерлердің құрметіне жасалған ескерткіш тақтаны, сондай-ақ NASA-ның «Марсқа өз есіміңді жібер» акциясына қатысқан 11 миллионға жуық адамның аты жазылған тырнақ көлеміндегі 3 кремний чипін жеткізді.

 

АҚШ, Түркия, Ресейді қоса алғанда, түрлі елдердегі жанкүйерлер тақтайшаға Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің есімін жазуды ұсынды. Perseverance роверінің Марстағы мақсаты &ndash ежелгі өмірдің белгілерін іздеу және планетаның бетін зерттеу. Оның миссиясы шамамен екі жылға созылады деп күтілуде.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 1966    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.02.2021, 00:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30