Өркениет

Димаштың фанаттары Нью-Йорк әуежайын "басып алды" (видео)

  • Фото: ©Ботагөз Айтжанова

    Фото: ©Ботагөз Айтжанова

Бірнеше сағат бұрын Димаш Құдайберген командасымен бірге Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежайда оны көптеген жанкүйері күтіп тұрды, олар АҚШ-тың түрлі қалаларынан, Аустралия, Жапония, Мексика, Ресей, Чили, Болгария, Филиппин, Испания, Канада, Қазақстаннан барған.

Қазақстандық әнші 10 желтоқсанда Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында жаңа Arnau tour ENVOY шоуымен өнер көрсетеді. Залға жеті мың көрермен сияды, барлық билет сатылып кеткен. Олардың 75 пайызын америкалықтар алған. Осыншама танымалдық әсеріне байланысты ұйымдастырушылар тағы 2 мың орын қосқан.

Жанкүйерлері әртіске гүл мен сыйлық алып келген.

Димаштың артынша Санкт-Петербургтен Нью-Йоркке оның жанкүйері Екатерина келген. Әртісті қуанту мақсатында ол қазақтың ою-өрнегімен жасалған камзол киіп, оның әндерін жазып жүрген дәптерін көрсетті.

АҚШ-тағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырып отырған концерт ең айтулы шара болмақ. Қызыққа толы бағдарлама, әртістің жаңа образдарын қазақстандық кәсіпқойлар командасы жасаған.

Фото және видеоны түсірген Ботагөз Айтжанова
 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.12.2019, 10:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Тамыз, 12:41
    Тіл туралы 7 өлең

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30