Өркениет

Димаштың жетістігін қайталады: қазақ әншісі "Славян базарында" жеңіске жетті (видео)

  • © YouTube

    © YouTube

Әділхан Макинге жабылу салтанатының гала-концерті кезінде марапат тапсырылады: ол 180 ұпайдан 178 ұпай жинады.



Грузиядан келген Георгий Путкарадзе бірінші орынды және 15 000 доллар көлеміндегі ақшалай сыйлықты иеленді. Ол 171 ұпай жинап (Израиль өкілі Илаймен бірдей), қазылар алқасының төрағасы Тамара Гвердцителиден қосымша дауыс алды, деп жазды Sputnik Беларусь.


Илай мен 170 ұпай жинаған Беларусь өкілі Ваня Здонюк екінші орыннан көрініп, 5 мың доллар мен арнайы сыйлықтың иегері атанды.Үшінші орын ресейлік Иван Дятлов (168 ұпай) пен украиналық Дмитрий Бабакқа (167) бұйырды: олар арнайы сыйлық пен бес мың доллардың жүлдесін тең бөлді.


Әділхан Макин туралы не білеміз


 


Әділхан Макин Болгарияда поп-рок орындаушылар арасында өткен "Сарандев 2019" халықаралық жастар байқауында бірінші орын иеленген.


Бұдан бөлек, былтыр X Factor тележобасына қатысып, финалға дейін жетті.


Конкурстың алғашқы күнінде Әділхан Макин "Озеро надежды" (видеода 27 минут) әнін шырқады, әннің сөзі мен музыкасын ресейлік сазгер Игорь Николаев жазған.



Қазақстандықтардың жұлдызын жаққан "Славян базары"


Биыл "Славян базары" 8-17 шілде аралығында өтті. Музыкалық байқауға он сегіз елдің әртістері қатысты.


Қазақстандықтар халықаралық фестивальде биіктен көрініп келеді. 2011 жылы Әлішер Кәрімов үшінші орын иеленсе, 2015 жылы Димаш Құдайберген бас жүлдені жеңіп алды, ал былтыр Әміре (Ернар Сәдірбаев) бірінші орын алды.


Sputnik


 




Көрілген: 1657    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 20:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31