Өркениет

Димаштың жетістігін қайталаған әнші "Дауыс" жобасында жұртты таңғалдырды - видео

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

2019 жылы "Славян базары" байқауында гран-при иегері атанып, Димаш Құдайбергеннің жетістігін қайталаған қазақстандық әнші Әділхан Макин "Ресей дауысы" жобасында қазылар алқасы мен көрермендерді таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

 

27 жастағы Әділхан Макин байқауда Алла Пугачеваның "Не отрекаются любя" әнін орындады. Оның өнеріне тәнті болған қазылар алқасының екі мүшесі – Александр Градский мен Дима Билан бұрылды.

 

"Мен Димаштан кейін ештеңеге таңғалмайтын болдым. Ал бүгін сен мені таңғалдырдың. Жоғарғы регистрде тенор, орта регистрде баритон, төменгі регистрде төменгі бас секілді шырқайсың. Бұл өте сирек кездесетін жағдай", - деп атап өтті Градский.

 

Әділхан Макин байқаудағы өзінің тәлімгері ретінде Александр Градскийді таңдады.

 

Әділхан Макин туралы не білеміз

 

Әділхан Макин 1994 жылдың 5 қазанында Петропавл қаласында туған. Оның музыкалық таланты бала күнінен байқала бастайды. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында "Эстрадалық вокал" мамандығы бойынша білім алды.

 

 

Әнші Болгарияда поп-рок орындаушылар арасында өткен "Сарандев 2019" халықаралық жастар байқауында бірінші орын иеленген. Бұдан бөлек, 2018 жылы X Factor тележобасына қатысып, финалға дейін жетті.

 

Әділхан – Димаш Құдайбергеннен кейін "Славян базары" халықаралық байқауында жеңіске жеткен екінші қазақстандық. 2015 жылы Димаш бас жүлдені иеленіп, қазақ елінің мерейін асырған еді.

 

Димаш пен Әділхан құрдас, алғаш 2012 жылы "Жас қанат" байқауында танысқан. Сол жылы байқауда Димаш жеңімпаз атанды.

 

 

 

 

 




Көрілген: 1301    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 18:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30