Өркениет

Дина Төлепберген неден қорқатынын айтты

  • Фото: Instagram/dina_tolepbergen

    Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген өзінің жұмысына қатысты қорқынышы туралы айтты. Ақпарат өкілі халыққа ақиқатты айтудан қорықпайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Желі қолданушылары Дина Төлепберген үшін уайымдап, оның қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген.

 

Тележүргізуші оқырмандарын сабырға шақырып, оларға қатты алаңдаудың қажеті жоқ екенін түсіндірді.

 

Қоғамда қызу талқыланатын тақырыптарды көтеретін журналист адал еңбек істеп жүргенін айтып, ештеңеден қорықпайтынын жеткізді.

 

Алайда, ақпарат өкілі бәрібір де жұмысына қатысты бір қорқынышы бар екенін жасырмады.

 

"Осы сіз қорықпайсыз ба?" деп осы күндері көп адам маған жазып жатыр. Рахмет. Халық айтса, қалып айтпайды ғой. Мен экзистенциалистпін. Осы күн, осы мезет маңызды маған. Өйткені ертең не боларын ешкім білмейді. Тіпті, түкірігіңе тұншығып, тыныстауың тоқтауы мүмкін. Сондықтан мен тек бүгін бастаған істі бітірмей қалудан ғана қорқамын. Ал ақиқатты айтып, айнаға да, обьективке де адал қарап, өз-өзіңнен ұялмай өмір сүруге не жетсін, айтыңызшы", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

 

 

 

 

 




Көрілген: 2263    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31