Өркениет

Динара Қырықбаева әйелдің өзіне сенімділігін қалыптастыруға арналған 5 қағиданы айтты

  • Динара Қырықбаева әйелдің өзіне сенімділігін қалыптастыруға арналған 5 қағиданы айтты

    Динара Қырықбаева әйелдің өзіне сенімділігін қалыптастыруға арналған 5 қағиданы айтты

Динара Қырықбаева адамның өзін жақсы көрудің 5 себебін атады. Әнші әйел адам өзін үнемі жақсы көруі тиіс деп санайды. Оның артықшылықтарын айтты.

Әнші әйел адам қандай жағдай болмасын өзін жақсы көруі керек деген пікірде. Ол үшін қарапайым кеңестерді ұстану керек.
“Өзіңнің кемшілігіңді қабылдай біл. Ешкім мінсіз емес. Бірақ әр адам өзімен өзі болуға құқылы. Біз сол үшін де осы өмірге келеміз. 
Ешнәрсені шектен шығарма. Бәрін жүрекке жақын алма. Болып жатқан жайт маңызды емес. Оған сенің қалай қарайтының маңызды. 
Шыдамлыдық таныт. Денсаулығыңды күт. Жүйкеңді тоздырма. Өз энергияңды сақта. 
Өзіңді болашақта емес, қазірден бастап жақсы көр. Өзіңнің арықтағаныңды, жұлдыз болғаныңды, бастық болғаныңды күтіп жүрме. Жоқ нәрсені армандама.
Өзіңді айыптама. Егер дұрыс жасамасаң, одан сабақ ал. Мұны тәжірибе деп сана. Өзіңді жақсы көріп, өзіңді құрметтеуді үйрен”, – деп жазды Қырықбаева.

Қыз-келіншектер қолдау білдіріп, алғысын айтып жатыр. 

“Сіз керемет жандардың бірісіз мен үшін, бірақ өкінішке қарай сіздің орыс тілін мен түсіне бермеймін”, “Кеңестеріңізге рахмет бәрі орынды айтылған”, “Адам өзін қандай жағдай болса да жақсы көру керек, өзін жоғалтпау керек”, “Бізде өзі үшін емес, біреу үшін өмір сүреді, күйеуі үшін боянып, күйеуі үшін күтінетіндер бар ғой, соларды түсінбеймін”, “Қыздар өзін жақсы көрсе, өзіне сенімді болса, ешкім одан суымайды”, – деп жазды желі қолданушылары. 




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 11:16

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31