Динара Қырықбаева екінші рет тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді

06 қазан 2021, 15:01

Некесі сәтсіз аяқталған әнші Динара Қырықбаева бұрынғы жолдасымен бүгінде қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты. Экс-жұбайлар қазіргі уақытта мүлдем араласпайтын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Динара Қырықбаева бұрынғы күйеуімен арақатынасы жайлы бар шындықты "Папарацци" бағдарламасында ақтарды.

 

Ол балаларының әкесіне тек бақыт тілейтінін жеткізді.

 

"Иә, ажырасқаныма 2 жыл болды. Шүкір, 3 балам бар. Жолдасыммен араласпаймыз, көріспейміз. Бірақ ол менің балаларымның әкесі, әрдайым солай болып қалады. Тек қана бақыт тілеймін. Өмірінде бәрі жақсы болсын" , - деді өнер иесі.

 

Оған қоса, эстрада жұлдызы екінші мәрте тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді.

 

"Күйеуге шығып қалсам, жарияламаймын, ешкімге айтпаймын. Бірақ кім біледі?! Мүмкін махаббатымды кездестіріп қалармын? Өмір ғой", – деді Динара.