Өркениет

Динара Сұлтанның өзінен 17 жас үлкен күйеуі лауазымды қызметке тағайындалды

  • Динара Сұлтан: comode.kz

    Динара Сұлтан: comode.kz

Әнші Динара Сұлтанның күйеуі Ерлан Қожасбай лауазымды қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Ерлан Қожасбай Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды. Мұндай шешім ұлттық федерацияның кезектен тыс Конфедерациясында қабылданған.

 

Ол осыған дейін аталған ұйымның вице-президенті қызметін атқарған болатын.

 

Сондай-ақ, Қожасбай 2001-2005 жылдары федерацияның басшысы қызметінде болған.

 

Ал күрес федерациясының бұрынғы президенті Сауат Мыңбаев ұйымның құрметті президенті болып тағайындалды.

 

Айта кетелік, Ерлан Қожасбай мен Динара Сұлтан «Екі жұлдыз» телевизиялық жобасында танысып, көңіл қосқан.

 

Біраз жылдар бойы олар Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында тұрды.

 

Екеуінің ортақ бес баласы бар.

 

Одан бөлек, Динараның бірінші некесінен бір қызы бар екені айтылады.

 

Ал Ерлан Қожасбайдың бірінші некесі туралы айтарлықтай ақпарат жоқ.

 

Динара Сұлтанның күйеуі өзінен 17 жас үлкен.

 

Екеуі арада он жыл өткен соң қарым-қатынастарын заңдастырып, Ерлан Қожасбай Динараға үйлену туралы ұсыныс жасаған.

 

 

 

 




Көрілген: 3473    Пікірлер: 0

сенбі, 09.10.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31