Өркениет

Дизайнерлер коронавирустың суреттегі бейнесін сәнге айналдырып жатыр

  • Дизайнерлер коронавирустың суреттегі бейнесін сәнге айналдырып жатыр

    Дизайнерлер коронавирустың суреттегі бейнесін сәнге айналдырып жатыр

Коронавирус сән әлеміне едәуір кесірін тигізгені анық. Еуропадағы сән көрсетілімдері мен атақты брендтердің дүкендері белгісіз мерзімге жабылды. Дүниежүзіне тараған індеттің зардабын шеккен де, дәл осы киім-кешектер мен әшекей бұйымдар сатылатын орталықтар.

Себебі адамдар басты дүние – денсаулық екенін түсінгендей. Оқшаулану арқылы ғана індеттен қорғану басты мақсат болған соң, сән кейінге ығыстырылды. Сән үйлері мен оның қызметкеткерлері дерлік жұмыссыз қалды.
Қалай дегенмен, адамнан артылған айла қалған ба? Адамның жұқпалы індеттен сақтану үшін ең алдымен маскаларды киіп жүруіне тура келеді. Жер шарындағы күнделікті шығарылып отырған маскалар жеткіліксіз болды. Сәнгерлер жаппай маска тігуге көшті. Оның түр-түрін шығара бастады. Әсіресе жастар арасында бұндай маскаларды киіп жүру үлкен сәнге айналып бара жатыр. Олар сан түрлі матадан, бағалы аң терісі мен былғарыдан жасалып, түрлі әшекей бұйымдармен безендіріліп сатылуда. Түрлі-түсті гүлдермен, асыл тастармен әшекейлеп, тұтынушыларды барынша қызықтыруға көшті. Кейбір шетелдік дизайнерлер қалыңдық көйлегін шілтерлі маскамен толықтырыпты.

Қолғаптар, көзілдіріктер, тағы басқалар қажетті акссесуарлар да көптеп шығарылуда. Бір жағынан жұқпалы аурудан қорғану болса, екінші жағынан сәнді.
Әркім қолынан келгенін істеп бағуда. Қазіргі кезде тағы сәнді дүниелер олар «аурудың аты» жазылған киімдер. Футболкалар мен кепкалардың алдындағы «вирус», «коронавирус кет» деген жазулары бар киімдері сәнді болып тұр. Бұндай киім-кешектерге де сұраныс көп екен.
Енді бәзбіреулер коронавирустың микроскоппен көрінгендегі суреті бейнеленген кулон ойлап тауыпты. Әрине бұл қазіргі уақытта өзекті болғанымен, ұзақ өмір сүрмейтіні анық. Әрі оны сәндік үшін қуана тағатын адамдар көптеп табылмасы анық. «Жамандықты шақырма» деуді ұстанатын қазақтар үшін бұл өрескел дүние екендігі рас. Осылайша өмірімізге дендеп кірген ауруды қолынан келгендер сәнге айналдырып, оны жарнамалап саудасын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Newsroom.kz

 

 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 20:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31