Өркениет

"Дін десе тек тоқал тақырыбынан айналшықтап шықпайтындар бар": Дариға Бадықова тоқал тақырыбы жайлы

  • "Дін десе тек тоқал тақырыбынан айналшықтап шықпайтындар бар": Дариға Бадықова тоқал тақырыбы жайлы

Дариға Бадықова дін мен тоқал тақырыбын көтерді. Актриса жас әйел алуды сүннет деп санайтындарға шүйлікті. Әйелін қамтамасыз ете алмай отырып екінші әйел алғысы келетін азаматтар жайлы ойын айтты.

“Сонау 1976 жылы жарыққа шығып, хит болған “Зита мен Гита” фильмін көрмеген адам жоқ шығар иә? Сол кинода басты рөлді ойнаған актер Дхармендра мен актриса Хема ерлі-зайыпты екенін білесіз бе? Екеуінің үйленуінің өзі бір индийский фильм енді.Сол кезде жасы 30-да болған Дхармендраның әйелі, бала-шағасы болған. Соған қарамастан 17 жастағы Хемаға ғашық болып тұр ғой. Ажырасам десе, әйелі рұқсатын бермей қойған ажыраспаймын деп. Белгілі сценарий ғой. Сөйтіп әлгі Дхармендра Ислам дінінде 4 әйелге дейін алуға рұқсат барын біліп, Исламды қабылдайды ғой. Заңды түрде екінші әйел алу үшін ғана Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанады. Біздің діннің осындай “жеңілдіктері” бар ғой”, – деді актриса.

 
Дариға ханым дінде жүрген кей азаматтардың тек тоқал тақырыбын қозғайтынын айтады. Олар сүннетті жас әйелді алу деп түсінеді дейді. Әсіресе, бір-бірін тоқал алуға үгіттеп не шағып отыратын ер азаматтардың әрекетін түсінбей дал болды. 


Актриса Дариға Бадықова: Әкем жазда өлетінін айтты


"Той көйлегін 35 мың теңгеге алдым": Актриса Дариға Бадықова үйлену тойындағы қызықтарын айтты

“Жоқ, рас! Дін десе, тек осы тоқал тақырыбынан айналшықтап шықпайтындар бар. Басқасының бәрін қатырып қойғандай! Неше түрлі отырыстарда болып жүрміз ғой, қай-қайсында да дәстүрлі қозғалатын бір тақырып бар - тоқал. Ол бір бітпейтін әңгіме енді… Әйелдердің көңіл-күйін түсіріп, еркектерді бір желпіндіріп қоятын тақырып! “Тоқал алып беруге менің әйелім келіседі ” деп бөсіп отырғандардың әйеліне қарасаң, аузының бер жағымен ғана “иә” дегенін көресің. Ішінде алай-дүлей боп жатқаны көзінде тұрады”, – дейді ол.

Актрисаның пікірінше, кез келген әйел ешқашан өз еркімен азаматқа тоқал алуға рұқсат етпейді. Тіпті келіскеннің өзінде ішінен көңілі құлазиды дегенді айтты. 

Әр еркектің іштегі арманына айналғандай. “Анау да алды ғой, мынау да алды” деп делебелері қозады. Үлбіреген 18-дегі қызды алғанының қай жері сүннет? 4 әйел алудың да дінде белгілі бір шарттары бар шығар. Әйтпесе қазір сәл қалтасы қампайса бітті тоқал алам деп шыға келетіндер көбейген. Бірінші әйелін үлде мен бүлдеге орап отырғаны шамалы! Жә, дін енді терең мәселе. Хайуаннан айырмамыз сана-сезім емес пе? Махаббат қайда? Еуропада, мысалы, махаббатқа, сезім болуына, қарайды. Ал бізде сол сезімнің құны кетіп қалған ба, қалай?”, – дейді Бадықова. 

“Дариға, сіз өзіңіз рұқсат берер ме едіңіз? Өзімнің басымнан өткен оқиға…Әкемнің тоқалы болды. Мақау кісіні алып беріп еді анам”, “Дұрыс айтасыз, дәл айттыныз, дінімізде 2-3 әйел алған өзінде жесір әйелді алған, оған көмектесу үшін, бала - шағасына қарасу үшін”, “Айтпаңыз, алдымен отбасын, некелі әйелін қарық қылып. Қарызсыз, уайымсыз өмір сүргіссіңші. Өзі-ақ ала ғой жаным деп айтатындай”, “Өте дұрыс айтасыз, керемет жазыпсыз жазған постыңызға 100%келісем. Тоқал алмақ түгілі бір әйелдің жағдайын жасап, сыйлап, аялап, қорғап жүрсе әйелдер қуаныштан гүл-гүл жайнап жүрер еді. Сабалап, ұрып емес”, “Шамасы келгендер ала берсін”, – деп жазды желідегі оқырмандар. 




Көрілген: 760    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 16:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31