Өркениет

"Дінмұхаммед Қонаев басынан сипап өсірген": Әнші Жанар Хамитованың шетелдік күйеуі кім

  • "Дінмұхаммед Қонаев басынан сипап өсірген": Әнші Жанар Хамитованың шетелдік күйеуі кім

Жанар Хамитова өзінен 12 жас үлкен ер азаматқа тұрмысқа шығып, енесімен және күйеуінің бірінші некеден туған баласымен бірге өмір сүрген.


«Амстердамда 3 жыл тұрдық. Үлкен ұлым дүниеге келді. Сосын Алматыға қоныс аударып бұл жерде 6 жыл тұрақтадық. Артынша Дубайға кеттік. Алайда, ол жерде өмір сүру тым қымбат болды. Осылайша біз Антальядан бірақ шықтық», - дейді Жанар.


Күйеуі қазақ, Дінмұхаммед Қонаев басынан сипап, сол кісінің қолынан кәмпит жеп өскен адам екен. Жанардың жары Кезінде еңбек министрі болған Әубәкір Қасымхановтың шөбересі көрінеді. Әншінің өмірінің бес жылы жақсы өтіп, қалған уақытта балалары үшін ғана шыдап келген.


«Тағдыр маған белгі берді.11 жылдың ішінде 6 неке сақинасы сынып қалды. Күйеуім алтыннан да, күмістен де сыйлап, ақыр соңында шаршады. Өйткені, еден жуып жатсам да, өздігінен жүзіктерім сынып қала беретін», - дейді ол.


Ата-анасынан қолдау таппаған Жанар Түркиядан келгеннен кейін ыдыс-аяқ жуып қызмет атқарған. Қазіргі таңда балаларын қатты сағынып жүрген ол, мүмкіндік бола қалған кезде оларды елге қайтарғысы келеді. Енесінен қанша қаталдық көрсе де, балаларын бауырына басып, жағдайын жасап, екі ұлын қатты жақсы көретіні үшін күйеуінің анасына өкпе артпайды.


«Қолыма бір пакет алып «Бәрін сендерге сыйладым, Алла сендерге денсаулық, маған көп ақша табуды бұйыртсын» дедім де кетіп қалдым.


Балаларымды апаратын жерім болмаған соң амалсыз қалдырып кеттім. Түннің ортасында 5 жыл балаларыма массаж жасаған танысымның үйіне бардым. Ертесінде бірден жұмыс іздеуге кірістім. Күйеуім берген 100 АҚШ доллары ғана бар қолымда. Бір аптаның ішінде күтуші болып жұмыс істеп, 1000 лира таптым. Сосын көлік қоятын жерлерді сыпырып, 75 лираға үй жинап күн көрдім. Тіпті Антальядан Аланияға баратын 5 лирам болмаған кездер де болды», - деп еске алды әнші. 




Көрілген: 651    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.05.2019, 12:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31