«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі өмірден өтті

04 тамыз 2023, 13:40

Танымал «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы Александр Литвинов бүгін түнде дүниеден озды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы хабар туралы «Дос-Мұқасан» тобының Instagram парақшасында жарияланды.

 

«Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Александр Литвинов  Михайлович өмірден озды. Ол – «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, барабаншы. Оның балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол біздің жүрегімізде ең ақкөңіл, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын бейнесімен сақталады», – делінген жазбада.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz