Өркениет

«Дос-Мұқасан» тобының солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты сот үкімі шықты

  • © sn.kz

    © sn.kz

Нұр-Сұлтан қалалық №2 Есіл аудандық сотында «Дос-Мұқасан» солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Ол жолаушылар тасымалы бөлімінің басшысын қорлағаны үшін кінәлі деп танылып, бірақ ісіне өкінгені үшін жауаптан босатылды, деп хабарлайды NUR.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Сот барысында айыпталушының ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Құрметті азаматы екені назарға алынды. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың да пікірі тыңдалды.


Есіл ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік тәртіп бұзған Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды.

Мұрат Құсайынов қызметтік мандатын асыра пайдаланып, билікті қорлағаны үшін кінәлі деп танылды және сот үкімінің шешімі бойынша кінәсін мойындағаны үшін жауаптан босатылды.


Сот үкімі күшіне енген жоқ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 65-бабының 1-тармағына сәйкес оның бірінші рет қылмыс жасағаны ескерілді.


Естеріңізге сала кетейік, «ЭйрАстана» ұшағына отырғызу барысында көрсеткен оғаш қылығы үшін «Дос Мұқасан» ансамблінің солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.


sn.kz


 




Көрілген: 3670    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.06.2019, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31