Өркениет

Досхан Жолжақсынов кеңесші болған өнердегі інілерін сынға алды

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал актер әрі режисер Досхан Жолжақсынов жақында ғана саяси лауазымды қызметтерге тағайындалған өнердегі әріптестерін сынға алды. Оның сөзінше, шығармашылықтағы адамды шенеуніктің кеңесшісі етіп қою биліктің осалдығы деп жазады Youtube желісіндегі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жолжақсынов жақында Алматы әкімінің кеңесшісі болған Мейрамбек Бесбаев, мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі атанған Қыдырали Болманов пен мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжановты сөз еткен.

"Тағы да қайталап айтамын, бұл оқиғалар - биліктің осалдығы. Мысалы сол кеңесші, не кеңес айтады? Бүгін не туралы кеңес беруге болады? Мәдениет министрлігі бар. Оның бүкіл аппараты бар. Сан саладан қызмет етеді. Бұл не олардың қолынан келмейтін шаруа ма? Сол әкімдікті де алайық. Онда мәдениет департаменті бар. Оған білімі бар адамдар бару керек. Білікті әрі құлшынған адамдар бару керек.
Сол өнер мен сол саладағы рухани дүниелермен түс көріп, оянатын адам бару керек. Үлкен биліктегі көп адамдар жұмыстан босаған кезде кеңесшілікке барады. Жалпы, мұның мәртебесі не? Қай жағынан кеңес береді? Не түсінігімен? Сондықтан, бұл біріншіден, езу тартқызатын дүние. Біз күлдік те, қойдық" , - деді актер.




Көрілген: 1089    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.09.2019, 10:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31