Өркениет

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

  • "Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа пәтерге көшкен атышулы ару көршілерінің өзін балағаттап, күн көрсетпей жатқанын айтты. Көшіп барғалы ешкімнің көзіне түспеген ол енді көршілері әлеуметтік желілердегі топтардың бірінде өзіне қысым көрсетіп, жазба қалдырғанын айтты.


"Достар, дірілдеп отырмын. Мен Орбитадан жаңа пәтерге көшкенімді айтқан болатынмын. Бұл жерде есі дұрыс адамдар тұрады деп ойлағанмын. Келгелі көршілерімді көрген емеспін. Үйден шығып көлігімі мінеп кетемін. Аулада жүріп те көрмеппін. Көпшіліктің көзіне көрінбеуге тырысамын. Анам да тек жанымыздағы көршімен ғана араласады. Тұрғын үй кешенінің ватсапта жеке тобы бар", - дейді Айжан Байзақова.


Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз, үйіне кіргізбейміз деп қорқытқан. Алайда ол бұл сөздердің ешбіріне құлақ аспайтынын айтып, ешкімнің менде шатағы болмасын деп ашулынады. Жеке өмірінің қызу талқыланғанын айтқан Айжан Байзақова адамдарға қызғаныштың жаман сезім екенін түсіндірді.


"Бүгін сол жерде менің жеке өмірім туралы қызу талқыланып жатыр екен. "Ақ камри тұраққа жұрыс қойылмапты, ол Байзақованың көлігі екен" деп бастап, "Бұл көлікті тұрғын үй аумағына кіргізбейміз, көлігіне жұмыртқа атып кету керек, ұлын кімнен туғаны белгісіз" деген сөздер жазылған. Біріншіден, бұл менің көлігім болса да, оның жеке өміріме қандай қатысы бар? Кеше ғана анама қазақтардың жақсы екенін, мейірімді екенін айтып, оларды сағына бастағанымды жеткізген едім", - дейді Айжан Байзақова. 




Көрілген: 1633    Пікірлер: 0

сенбі, 24.08.2019, 17:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31