Өркениет

"Дуэт айтамыз деп едік": Димаш қаза болған досы Денис Тенге ән арнады

  • "Дуэт айтамыз деп едік": Димаш қаза болған досы Денис Тенге ән арнады

Димаштың концертіне әншінің досы болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ата-анасы келді


Димаш Құдайберген өзінің жеке концертінде қаза болған досы – мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге нөмір арнады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.


Бүкіл Қазақстанды есеңгіреткен Денис Теннің қазасы Димашқа да ауыр соқты. Оны еске түсіру үшін әнші SOS d'un terrien en détresse композициясын орындады, кезінде Денис осы әннің сүйемелдеуімен сырғанаған болатын.


Мыңдаған көрерменге Олимпиаданың қола жүлдегерінің өнер көрсеткен сәті, сондай-ақ Денис Тен ән айтып жатқан кадрлар үлкен экраннан көрсетілді.


"Денис екеуміз менің келесі Қазақстандағы концертімде дуэт айтамыз деп жоспарлап едік, бірақ... амал қанша... Денис талантты, өте еңбекқор болды. Ол өнер, адамгершілік туын биік ұстады", - деп пікір білдірді Димаш.


Тыңдармандардың арасында марқұм мәнерлеп сырғанаушының ата-анасы болды. Анасы Оксана Тен көз жасын әрең тыйды.


"Барлық қазақ халқының атынан өз құрметімізді көрсетуге рұқсат етіңіз. Сіздің ұлыңызды ешқашан ұмытпаймыз. Қазақстан тарихында оның рөлі ерекше", - деді Димаш.


Жас мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2018 жылдың 19 маусымында көлік ұрыларының қолынан қаза болды. Жиырма бес жастағы спортшы көп қан жоғалтып, ауруханада жан тапсырды. Трагедияға бір жыл өткеннен кейін қылмыскерлердің бірі Тенді ауыр жарақаттаған жерде спортшыға ескерткіш қойылды.




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

жексенбі, 30.06.2019, 16:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30