Өркениет

"Дұғадамыз": Өнер адамдары Алматыдағы ұшақ апатына қатысты қайғыра көңіл айтуда

  • "Дұғадамыз": Өнер адамдары Алматыдағы ұшақ апатына қатысты қайғыра көңіл айтуда

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері Алматы маңындағы Bek Air ұшағының қатысуымен болған апатқа қатысты жаппай пікір білдіріп жатыр. Өнер жұлдыздары барша зардап шеккендерге қолдау білдіріп, қаза тапқандардың туыстарына қайғыра көңіл айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иелері қатарынан алғашқылардың бірі болып, ұшақ апатына қатысты Мерует Түсіпбаева жазба жариялады.

"Түбі қайыр болсын. Адамдар аман болғай. Бек эйр құлады, деп жазып жатыр. Алла сақтасын" , - деп жазды Түсіпбаева.
Сонымен қатар, жантүршігерлік жағдайға қатысты "МузАрт" тобының мүшесі Сәкен Майғазиев те өз ойын білдірді.

"Я, раббым! Сенен келдік, Саған қайтарылушыларданбыз. Қаза болғандар мен зардап шеккендерді мейіріміңе бөлей гөр" , - деп жазды ол.
Белгілі отандық тележүргізуші Айгүл Мүкей де қайғылы жағдайдан шет қалмай, оқиғада қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Ол зардап шеккендер үшін дұғада екенін жеткізді.

"Аман қалғандар үшін дұғадамын. Қаза тапқандар үшін жылаудамын. Қандай масқара" , - деген жазба жариялады Мүкей өз Instagram парақшасында.
Әнші Нұржан Керменбаев ол дәл сол уақытта Алматыдан Атырауға ұшқан.

"Дәл осы сәттерде біз де, Алматыдан Атырауға ұшқан болатынбыз. Эйр Астана да, Бэк эйр да ұшты Атырауға. Қонған соң суық хабарды ести бастадық. Жиі ұшқан соң, өз-өзіме келе алмай, жаныма тыныштық таппай отырмын. Дәл сол сәтте ұшақтың ішіндегі адамдардың үрейін ойлай-ойлай басым қатты.
Алла жарылқасын. Қаза тапқан жандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Барша жолаушылардың сапарлары сәтті болғай. Анық-қанығын әрине, Алла білуші. Бірақ анығырақ естігендер бар ма? Не болып жатыр?" , - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған ұшақ бортында өнер адамдары да болғанын хабарлаған болатын.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 950    Пікірлер: 0

жұма, 27.12.2019, 12:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30