Өркениет

Дулыға Ақмолда "Сержан братанда" не үшін былапыт сөздер көп екенін түсіндірді

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Бүгінде Ютубта "Сержан братан" сериалы көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде. Сериалды көрушілер саны 1 миллионнан асқан. Көпшілік аталған бейнеөнімді жоғары бағалап, келесі сериясын асыға күтеді.

 

Сериалда басты рөлде ойнаған Дулыға Ақмолда "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында сериалға қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, сериал сценарий бірден ұнап, түсуге келісім берген:

 

 – Бұл сериал ең алдымен 1990 жыл­дардағы оқиғаны көрсетуімен, менің жігіттік шағыммен тұспатұс келуімен қызықтырды.1990 жылдар – өмірімнің ең қимас, қымбат кезеңі. Бұл сериал сол кезеңнің әр сәтін еске салады.  Сериалда тоқсаныншы жылдардағы жігіттердің бойындағы кісілік қасиеттер, мәрттік, екі сөйлемейтіні, сөзінде тұруы, досқа, өзіне адалдығы айтыла келіп, оқиға кенет 2020 жылдарға ойысып кетеді. Бүгінгі жігіттер басқа. Өзгерген. Бір кездегі «бірге-бір» шығатын батылдық, бір жұдырықтасып алып, айырылмастай жолдас болып кететін ақеділ мінез бүгінде ауызбен шарпысатын әйелдердің шайпаулығына дейін төмендеген. Жігіттің бойындағы нар мінез қайда, ірі мінез неге сонша ұсақталды? Жігіттердің осы әлсіздігі әлемнің астын үстіне келтіретін «мықты» әйелдердің пайда болуына әкелген жоқ па? Мынау жайлап бара жатқан жұмыссыздық, адам бір күнде мүгедекке айналса, айналасының әпсәтте сырт айналып сала беретіні, бір сөзбен айтқанда, қоғамның қаталдығы алдындағы адамның әлсіздігі кейде әзілмен, кейде ащы мысқылмен қатар өріліп отырып көрсетіледі, - дейді Дулыға Ақмолда.

 

Сонмен қатар, актер сериалдағы былапыт сөздердің не үшін көптігі екенін түсіндіріп өтті. 

 

- Дулығаның сериалға түскені түк те емес, көрермен керісінше, сол сериалдағы шындықты көрсін, пәк болып жаралғандағы адал қасиеттерден қалай ажырап бара жатқанын сезінсін, құлдырап бара жатқан қоғамдағы құндылықтарды биіктетуге, өзін өзгертуге ұмтылсын. Басты мақсат – осы болғандықтан, режиссер сериалды барынша жеңіл стильде түсіруді мұрат тұтты. Көруге қолайлы. Қо­рытуға жеңіл. «Сержан братанға» қойылып жатқан кінә, әрине, былапыт, балағат сөздің көптігі. Режиссермен келісе отырып, мен оларды мейлінше қысқартуға, аз қолдануға тырыстым. Бұл жаргондар о баста орыс тілінде пайда болған. Ал 1990 жылдың рэкеттері сөйлеген осы «тілді» «оңбаған», «ұятсыз» деген сөзбен алмастырып айтсаң, ол тек күлкі ғана тудырады. Оны жасырып, жалғандықпен айырбастасаң, шындықтың жүзіне кіреуке түскелі тұр. Шындық қашан да ащы, ол таза, табиғи түрде айтылуымен – шындық. Оны тек қабылдайсыз, болды. Өнердің міндеті, адамға өзі туралы шындықты айтып беру болса, Сержан оны бүркемелемей, боямасыз көрсетеді, - дейді актер.

 

 

 

Oinet.kz




Көрілген: 1506    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 18:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30