Дулыға Ақмолданың алдына келген студент есінен танып құлады

02 қазан 2022, 21:19

Белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Дулыға Ақмолдағаның алдына келген шәкірті естен танып құлаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Актердің осы жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясынан өз шеберханасын ашқанын.

 

Танымал актердің академиядағы шәкірттері ұстаздар күнінде пранк жасаған. Куратордың алдында келген студенттердің біреуі құттықтауға шамасы келмей, есінен танып құлайды. Мұндайды күтпеген Дулыға Ақмолда шәкірті үшін жаны шығады. Алайда мұның бәрі қойылым, яғни пранк болып шығады. Студенттер гүл мен торт әкеліп, актерді кәсіби мерекемен құттықтайды.

 

Мені сендіру негізі оңай нәрсе емес. Бірақ осы жолы шошып кеттім. Аяқ астынан аузыма сөз түспей қалды, — дейді Дулыға Ақмолда.

 

 

Желіде оқырмандар актерге өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы ұстаз екенін жазып жатыр.

 

"Демек, жақсы ұстаз, актерлікке шәкірттерін жақсы үйреткен", "Керемет құттықтау", "Ұстаздан шәкірт озады", "Өте тамаша ағай екен", "Шошып кеттім", "Рахаттанып күліп алдым", "Дулыға Оскар сыйлығына лайық актер ғой", — деген сарындағы пікірлер бар.